Жағымды жаңалықтар-жақсылықтарға жетелейді

Жаңа жыл  қарсаңында аудандық «Жаркент өңірі» газетінің директор-бас редакторы,

қаламы жүрдек журналист, алымды ақын, «Шапағат» медалінің иегері Бағдат Бейсенқызын қуанышқа бөлеген сәулелі сәт болды.

 

                Бағдат Айтмұқаева облыс халқының бірлігі мен ынтымағын арттыру жолындағы жемісті еңбегі үшін облыс әкімі Амандық Баталовтың қолы қойылған Алматы облысының «Құрмет грамотасымен», сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асырып, еліміздің ынтымағы мен

бірлігін нығайтуда бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді сақтауға шақырған мұраттарына қолдау көрсетіп, діндердің асыл құндылықтарын өркениетті жолмен насихаттап, «Дін тағдыры – ел тағдыры» атты облыстық мақалалар байқауына белсене қатысқаны үшін Алматы облысының Дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесінің дін

саласындағы мәселелерді Зерттеу орталығының «Алғыс хатымен» марапатталып отыр.

М е р е й л і марапаттарыңыз құтты болсын, Бағдат Бейсенқызы! Келген Жаңа жыл осындай толағай табыстарға, баяны  мол бақытқа толы болсын!

Аудандық «Жаркент өңірі»

газетінің ұжымы.

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net