Рухани жаңғыру

Үштілділік заман талабы

Бүгінгі білім беру  жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге баса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен» деп Елбасы Н.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзыретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.

Толығырақ: Үштілділік заман талабы

Көненің көзіндей болған әулиеағаш

Ауданымыздағы тарихы  тереңде жатқан «киелі» деп саналатын орындар баршылық. Солардың бірі жазиралы өңiрiнде өсiп тұрғанына жетi ғасыр болған алып ағаш. Жергiлiктi жұрт оны «Әулиеағаш» деп атайды. Бұл – кәдімгі қарағаш тұқымы. Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғана бар дейдi. Олардың бiрi – Қытайда, бiрi – Меккеде болса, үшiншiсi – бiздiң жерге тамыр жайған екен.

Толығырақ: Көненің көзіндей болған әулиеағаш

Сананы жаңғыртудың алғашқы қадамы

Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 

Толығырақ: Сананы жаңғыртудың алғашқы қадамы

Мерейлі мекен

Туған жер әркімге-ақ  ыстық. Мен туған өлкемді ,Отанымды өте жақсы көремін. Себебі - осы уақыт ішінде өзіме қажетті білім мен дағдыларды алып , өз елімнің әсем табиғатымен демалып, өсіп-өніп , келемін. Өзімді туған өлкенің бір бөлшегі деп есептеймін.

Толығырақ: Мерейлі мекен

JAN’A A’LIPBI’ BEKITILDI

Elbasymyz qazaq tilin  latyn a’lipbi’ine kos’iry’ ty’raly jarlyqqa qol qoi’yp, zan’dy tu’rde bekitti. 2018 jyldan bastap elimiz kezen’-kezen’imen jan’a a’lipbi’di qoldanatyn bolady. latyn a’lipbi’ine ko’s’y’ 2025 jyly tolyg’ymen ai’aqtalady. Bekitilgen a’lipbi’ nusqasy 32 a’ripten quralg’an. Munda qazaqtyn’ to’l a’ripteri tolyg’ymen saqtalg’an ja’ne ony qabylday’da halyqtyn’ usynys-pikirleri eskerildi.  Qazirgi y’aqytta mamandar dai’arlay’ isi qolg’a alyny’da. Endigi kezekte oqy’lyqtardy ay’dary’, halyqqa jan’a a’lipbi’di u’rety’ jumystary, is-qag’azdary men buqaralyq aqparat quraldaryn ko’s’iry’ maqsattary alg’a qoi’ylyp otyr.

Jansai’a Kenjebek.

 

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 685608