Рухани жаңғыру

«Нұр Отан» партиясы 11 499 іс-шара ұйымдастырды

 Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрқадыров Серік баяндады. Алматы облыстық «Нұр Отан» партиясы жыл басынан бері 1 121 466 тұрғынның қатысуымен 11 499 іс-шара өткізді. Оның ішінде «Рухани жаңғыру» мақаласын талқылау бойынша  1345, «Латын әліпбиіне көшуге» байланысты  178 тақырыптық кездесу,  партиялық жобаларды жүзеге асыру бойынша  3007  іс-шара өтті. 

Толығырақ: «Нұр Отан» партиясы 11 499 іс-шара ұйымдастырды

Алматы облыстық соты дәстүрлі құқықтық басқару жолдарын ойлап тапты

 

Алматы облысында елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама аясында,Алматы облыстық соты қазақ билер сотының айбынды жолдарын негізге ала отырып,  қазақ  мемлекетінің сан ғасырлық мұрасымен таныстыру арқылы, отансүйгіштікті қалыптастыру мақсатында «Қазақ билер соты- әділдік пен бітімгерліктің алтын тұғыры» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Толығырақ: Алматы облыстық соты дәстүрлі құқықтық басқару жолдарын ойлап тапты

Туған жердің тарихын біл

Қазақтың өзін-өзі  тануы - әуелі шағын Отан –туған жерінен басталатынын Елбасы атап көрсетті. Туған жерінің тарихын білмеген бала –болашақта Отанының да муына үлес қоса алмайды. Өйткені, ол балалық шағында туған жерінің тарихын елемей, білмей өскен. Ең үлкен кемшілік – осы. Әркім өзінің туған жері – ауылының тарихын бес саусақтай тарқатып, жетік білгені дұрыс. М е м л е к е т басшысының «Туған жер», «Туған ел» хақындағы ойлары мектеп бағдарламасына енуі керек деген пікірдемін. Өйткені өз ауылының тарихын біліп өссе, ертең атамекені – Қазақстанның сан ғасырлық тарихынан тағылым алар еді.

Б. ТЛЕУХАН.

Шекара.Шұңқырбұлақ.Белгітас...

Баршаға аян, біздің қазақ  – тамырын тереңге жіберген алып бәйтеректей мызғымас қалпынан танбай, қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан халық. Сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың,ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы – үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтап қалған ел. Ұлтымыздың әлеуеті асып, дәулеті тасыған да

дәуірі болған. Басынан бағы тайып, тар заманға тап келген кезеңі де көп. Тарихқа көз тіксек, бөліну тұрмақ жоқ болып кеткен жұрттар, жатырқасып, жауласқан туыстар, тілі мен діні ауысқан ұлттар аз емес екен. Құдайға тәубә, «мың өліп, мың тірілген» қазағымызды құдай осыдан сақтапты.

Толығырақ: Шекара.Шұңқырбұлақ.Белгітас...

Латын қарпіне көшу ұлттың болашағына қатысты заман талабы

Қандай халықтың болмасын бір әріптен екінші бір әріпке көшуінде әлеуметтік,тарихи, саяси мән жататыны белгілі. 1923 жылы Түркия республика болып жарияланғаннан кейін, Мұстафа Кемалдың басшылығымен барлық салада түбегейлі реформалар басталды. Соның бірі - ғасырлар бойы қолданылып келген араб әріпінен латын әрпіне көшу болатын.

Толығырақ: Латын қарпіне көшу ұлттың болашағына қатысты заман талабы

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net