Адалдық - бүгінгі күннің басты талабы

22.11.2019ж

Жалпы әлемдегі кез-келген мәдениеті дамыған халықты алып қарасақ ең алдымен тәлім – тәрбиеге, білімге, адалдыққа, адамгершілікке үндейді.

Болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азықты сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің адам өмірінен алатын орны ерекше. Осы тұрғыда келгенде, қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке, адалдыққа үндейді. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды ажырата білсе, сонда білімді, адал болатынын айтып өсиет қалдырған. Бүгінгі күні адалдық жолынан тайып, өз пайдасын ойлап, баю жолына түсіп сыбайлас жемқор атанып жатқандар бар. Бұл қол жететін жетістіктерді жоққа шығарады, даму процесіне кедергі келтіріп, мемлекетіміздің болашағына қауіп-қатер төндіреді. Ия, сыбайлас жемқорлық жайлы аз айтылып жатқан жоқ. Заңды бiле тұра орны толмас қылмысқа ұрынады. Жалпы мемлекет, халық мүддесін қорғай отырып, туған Отанының дамуына атсалысып, аз-көп болсын үлесін қосқан азаматтың мемлекеті ғана әділ, дұрыс, болашағы жарқын болатыны анық.
Ағымдағы жылдың 8 ақпаны күні "Жетісу - адалдық алаңы" жобасын іске асыру барысы туралы облыста баспасөз мәслихаты өтті. Аталған жобаны жүзеге асыруға негіз болған Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы болып табылады.
«Жетісу – адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты - сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, Алматы облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайту.
Жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзінің қызметін келесідей салалар бағытында жүзеге асырады:
• Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау;
• Қоғамдық бақылау жүргізу;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Жобаны жүзеге асыру аясында бүгінгі күні "Жетісу – адалдық алаңы" жобасының жарғысына қол қойылып, нәтижесінде Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында, аудандарда арнайы жабдықталған жобалық кеңселер құрылды. Жобалық кеңседе бектіліген басым бағыттар бойынша орталық мемлекеттік органдар және облыстық, аудандық басқарма, бөлім қызметкерлері, азаматтық қоғам өкілдері қатарынан жобалық топтардың қызметі ұйымдастырылған.
Ауданымызда 15 адамнан тұратын лекторлық топ құрылып, аудан әкімімен аудандық жұмыс жоспары бекітіліп, жылдың басынан бастап жұмыс тобының отырысы өтіп келеді. Лекторлық топ мүшелері білім беру және медициналық мекемелердің басшыларымен, кәсіпкерлермен, этномәдени орталықтардың және БАҚ өкілдерімен бірге аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп келеді. Бүгінгі күні аудан әкімдігінің бірінші қабатында аудан тұрғындарын кез келген уақытта қабылдайтын "Жетісу – адалдық алаңы" бұрышы ұйымдастырылды.
Бірінші кезекте, жобаның басым бағыттары бойынша ұйымдар қызметінің бизнес-үдерістеріне талдау жүргізуге және талқылау қорытындысы бойынша қызметтерді автоматтандыру арқылы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелерінде оңтайлы шешімдер бойынша ұсыныстар енгізуге бағытталған. Нәтижесінде, жобалық кеңсе халық үшін маңызы бар мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру бойынша оң шешімдердің тәжірибесі ретінде ұсыныстар енгізілді.
1.Мемлекеттік органдардың ашықтығын қолдау;
2.Денсаулық сақтау саласы бойынша бүгінгі күні келіп түскен өзекті мәселелерді жүйелеу мақсатында Жобалық кеңсе интернет ресурстары арқылы келіп түскен өтініштерді талдауды назарға алу;
3. Ауданда көші-қон қызметі, онда мемлекеттік қызметтер "бір терезе қағидаты" бойынша көрсетіледі. Бұл лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы мен бақылануын арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімін жеңілдетеді және ұсыну мерзімін қысқартады, делдалдар мен өтініш берушілердің лауазымды тұлғалармен жеке байланыстарын болдырмайды.
4. Сот жүйесін цифрландыру бойынша "SMART SOT" жобасын іске асыру шеңберінде облыстың аудандық соттарында whatsapp мессенджері арқылы электрондық диалог іске қосылды, ол азаматқа сот ісін жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша жедел ақпарат алуға, сот төрағасына виртуалды түрде жүгінуге, қажетті анықтамалық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Азамат немесе заңды тұлға сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін және тек жұмыс күндері мессенджердің көмегімен сотқа жүгіне алады. Өзара іс-қимылдың мұндай практикасы сот жүйесінің барынша ашықтығы мен қол жетімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, толғандыратын мәселелер бойынша жүгіну рәсімін жеңілдетіп және оларға жедел ден қою арқылы азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
5. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға арналған қызметтерді Sitcen.kz жүйесі арқылы автоматтандыруды қарастыру ұсынылды. Артықшылықтары: білім беру саласындағы бос орындардың электрондық тізілімі, үміткерлерді іріктеу мен жұмысқа алудың автоматтандырылған процесі, процестің толық ашықтығы, SMS арқылы растаумен бос жұмыс орнына электронды өтінім беру (ЭЦҚ-сыз), кандидаттардың білімін автоматты түрде бағалауға арналған тест базасы.
6. Азаматтарға қолайлы орта құру мақсатында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен "Мемлекеттік қызмет көрсетудің мобильді орталығы" жобасы бойынша қызмет көрсету үшін арнайы көліктерді жабдықтау ұсынылды.
Жобаның тиімді және уақытылы іске асырылуын қоғам қайраткерлерін тарта отырып және қойылған мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі жұмыс нәтижелерін кеңінен жария ету арқылы жүзеге асады.
Бүгінде облыстық газеттерде "Жетісу – адалдық алаңы" арнайы айдары ашылды. Жобалық кеңсемен байлыныс: 8 (7282) 24-71-19
Елдің әлеуметтік хал-ахуалы жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуде, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті жүргізу – еліміздің болашағын ойлайтын әрбір азаматының борышы деп білеміз.
Марат Илипов,
аудандық ішкі
саясат бөлімінің басшысы, лекторлық топтың мүшесі.