Балалар қауіпсіздігі басты назарда

18.12.2019ж

«Jetisy Media» ақпараттық алаңында   «ата-ананың қараусыз қалдырғанның салдарынан болатын кәмелетке толмаған балардың жарақаттану және қаза болу жағдайлары туралы» тақырыптарында баспасөз-мәслихаты өтті.

Олардың айтуынша, 2019 жылдың 12 желтоқсанында Талдықорған қаласында оқыс оқиға орын алған. ересектердің қарауынсыз қалған5 жасар бала, 3 қабаттан құлап кетке. Бүгінгі таңда баланың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр.

         Мұндай төтенше жағдайдың алдын алу үшін құтқарушылар ата-аналарды келесі ұсыныстарды орындауға шақырады:

Егер кішкентай бала үйде болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені баланың өміріндегі соңғы сәт болуы мүмкін немесе оны мүгедектер арбасына таңуы мүмкін;

- Терезенің тиісті қорғанысы жоқ масаға қарсы торларын қолданбаңыз - балалар оларға сүйенеді, оларды сенімді тірек ретінде қабылдайды, содан кейін  құлап кетеді;

- Баланы қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнағанда абай болыңыз;

- Бала терезеге көтерілмеуі үшін және құлап кетпеуі үшін жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;

- Балалардың төсекке немесе терезе жанында орналасқан басқа жиһазға секіруіне жол бермеңіз.

«Бала үйде анасымен бірге болған.  Алайда анасы өзінің мектептен қайтып келе жатқан үлкен баласын күтіп алуға 10 минутқа сыртқа шығып кетеді. Осы бір сүт пісірім уақытта келеңсіз жағдай орын алды. Бұл уақытта бала терезеге көтеріліп,  терезені ащып, масаның торына сүйенеді. Сол кезде масаның торы баланың салмағын көтермегендіктен бүлдіршін терезеден құлап кетті. Дереу жедел жәрдем келді. Бөбектің сынықтары жоқ, бірақ ішкі мүшелері зақымдалған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда. Осыған байланысты, масаға қарсы торды қорғаныс тосқауылы емес екенін еске салғым келеді. Сондай-ақ, ересектерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақыру керек », - деді Талдықорған қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Алматы облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Алтынбков.