Пітір садақа онлайн беріледі

21.04.2020

Айлардың сұлтаны-рамазан айы басталуға жақын қалды. Осыған орай 23 сәуір күні алғашқы тарауық намазы оқылады. Әдетте жамағатпен бірге оқылатын намазды бұл жолы әр мұсылман қауымы өз үйлерінде оқитын болады. Оған себеп, еліміздегі төтенше жағдайдың орын алуы.

 

Шағбан айы аяқталғаннан соң рамазан айы басталады. Биылғы рамазан айы сәуір айының 24 жұлдызына келіп тұр. Нақтыласақ, 23 сәуірден 24 сәуірге қараған түні ауыз бекіту баслатып, қасиетті рамазан айына кіреміз.

Әдеттегідей қасиетті ай тура 30 күнге созылады. Демек, 24 мамыр күні рамазан аяқталып, ораза айт мерекесі басталады.

Рамазан айының оразасын балиғат жасына толған, денсаулығында кінәраты жоқ мұсылман қауымның барлығына ұстау парыз етілген. Ал, денсаулығына байланысты ауыз бекіте алмайтын азаматтар «пиде садақа» бере алады. Оның құны 1700 теңгені құрайды.

«Биылдыққа рамазан айындағы пітір садақаның құны 370 теңгені, яғни екі келі ұнның бағасында қойылған. Бұл ең төменгі шектегі құн болып саналынады. Қасеитті айда берілетін садақаны кімдер береді?. Кімнің табысы артылып жатса, жағдайы келсе ол адамға пітір садақа беруге болады. Егерде әлде кімнің жағдайы жақсы болса оған екі келі мейіздің бағасында, ол дегеніміз 4000 теңге көлемінде, сондай-ақ төрт келі құрманың бағасымен 9500 теңге пітір садаққа беруге рұқсат етілген»,- дейді Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша Бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы.

Пітір садақаны айт намазы басталар уақытқа дейін беруге болады. Ораза ұстаған әрбір қауым өздері үйлерінде ауызашар беретін. Бұл жолы ауызашарды тек отбасы мүшелерімен өткізген дұрыс дейді дін өкілдері . Немесе, ауызашар беруге жұмсалатын қаражатты мұқтаж жандарға берген абзал деуде имамдар.

Елдегі жағдайға байланысты мешіттер жабық тұрғаны баршаға мәлім. Садақаны қалай өтейміз деген жандар үшін арнайы қосымша арқылы беруге мүмкіндік берілген. ҚМДБ «Халық» және «Каспий» банктердің басшылығымен аталған банктердің ұялы телефондағы қосымшасы арқылы төлеуді ұйымдастыруды қолға алған. Ұялытелефон қосымшасындағы «төлемдер «деген батырмадан, «пітір садақа» деген жерін іздеп тауып, пітір садаққаны аударуға болады. Ол жерде аймақ барлығы рет-ретімен көрсетілетін болады.

Анар САБЫРОВА