Қайырымдылық-мейірімділіктің көрінісі

06.04.2020ж

Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезінде «BizBirgemiz» қайырымдылық акциясының аясында Көктал ауылының тұрғыны, Алматы облысының және  Панфилов ауданының Құрметті азаматы,

Жақыбаев Базархан Төреханұлы  аз қамтылған, әлеуметтік көмекке мұқтаж 200 отбасына   3 бас ірі қаранының 495 кг етін таратты. Осындай қиын сәтте ауылдастарына демеу болған атымтай жомарт азаматтың ісі жас ұрпаққа үлгі болары анық.