Өртке жол бермейік

07.07.2020ж

Көп жағдайларда от шығатын құралдарды дұрыс пайдалана білмегендіктен халық шаруашылығының объектілерінде, жекеменшіктегі үйлерде, ғимараттарда өрт қауіпсіздігін сақтамағандықтан өрт шығып одан мемлекетте, жеке адам да зиян шегіп жататыны көпке белгілі.

 

Алайда өрттің қауіптілігін ескере бермейміз. Өмірімізде өрт қауіпсіздігі ережесіне ұқыпсыздықпен салақтықтың салдарынан бақытсыздыққа ұшырап жатамыз. Мысалға алсақ балалардың сірінке ойнауы, ошақ отын қараусыз қалдырып кетуі және тұрғындардың көбісі шөбін мал қорасының үстіне немесе тұрғын үйдің, моншаның қасына жиыстырып қояды. Тұрғын үйдің, моншаның, ошақтың түтіндігінен шыққан шоқтың ұшқыны шөптің өртенуіне жеткілікті. Шөптің өртенуі қаншама қауіпті екенін бірі ескерсе, бірі ескермейді. Өрт қауіпсіздігін сақтап, еңбекпен тапқан байлықтарыңызды тілсіз жаудан сақтай біліңіздер.

 

 Көкшетау техникалық институтының 3-курс курсанты Ж.Әділқан