«Екінші мүмкіндік аймақтық бизнес-жобалар байқауы

11.07.2020ж

Аталмыш байқау 2018 жылы бастау алған. Биылғы жылы екінші мәрте өткізілмек. «Екінші мүмкіндік» деп аталуы тегін емес. Бизнес-жобаларды іске асыруға ықпал ететін не бір бағдарлама мен байқаулар жеткілікті. Өзгелерінен өзгеше жобаның қатысушылары да елден ерек жандар. Оларға Қамауда, ұстау орындары қызметінің есебінде тұрған адамдар, бұрын сотталғандар жатады.

Бұл байқаудың бұрынғыдан өзгерек болуының себебі, ерекше тағдыр иелеріне екінші өмір сыйлап өздерінің жобалық іскерлік тәсілдерін жүзеге асыру мүмкіндік беруінде. 

Байқау барысында мақсатты топтың кәсіпкерлік әлеуетін тендерлік өтінімдерді жазу және «Өз бизнесіңді баста. Әлеуметтік кәсіпкерлік »тақырыбында білікті мамандар мен тәлімгерлерді тарта отырып, кәсіпкерлік мектебін ұйымдастырылады. 

 

Жобаға қатысу 5 кезеңнен тұрады: 
-1 кезең - 10 шілдеден 30 шілдеге дейін - өтінімдер жинау - жобаға қатысуға өтініш. 
-2 кезең - 31 шілдеден 04 тамызға дейін - байқауға сәйкес 15 қатысушыны іріктеу. 
-3 кезең - 05 мен 07 тамыз аралығында (3 күндік) 15 жобаға қатысушыға «Өз -бизнесіңді баста» семинарында конкурстық өтінімдерді жақсарту бойынша тренинг. 
-4 кезең - 10 тамыздан 15 тамызға дейін. Семинар қорытындысы бойынша ең жақсы жобалардың тұсаукесерлері, екі жеңімпазға бизнес-жобаны жүзеге асыру үшін келісім-шарт негізінде шағын  грант 2 млн көлемінде. 
-5 кезең - 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін 2 финалистке үш айға арналған бизнес-жоспарға сәйкес шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыруға және қосымша жұмыс орындарын құруға тәлімгерлік көмек көрсетіледі. 

Айта кету керек, өтінімдер  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  электронды почтасында қабылданады. 

Ал, жеке өткізу үшін Талдықорған қаласы, Қаратал 6 б ғимаратына бас сұғу қажет.  

Жекелей сауалдар бойынша  8 702-761-61-02, 8 777-213-05-05 нөміріне қоңырау шалуға болады.