«Еңбек» 2017-2020 мемлекеттік бағдарламасы

07.08.2020ж

Халықтың жұмыссыз тобын еңбекке тарту үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама жүзеге асуда. Ол 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы.Аталған бағдарламасының мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.  

 

 «Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлайды.  Нарықта сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастырады.  Шағын несие беріп, халықтың жеке кәсібін ашуына ықпал етеді»,- дейді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұратқызы.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы төрт бағыт бойынша іске асырылады.

1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;

2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

4. Жастар ел тірегі

Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың түрлі санаттарын, соның ішінде мектеп түлектерін, жұмыссыздарды, жастарды, өзін өзі жұмыспен қамтушыларды және қысқартылған жұмыскерлерді жаппай оқытуды көздейді. Бұл бағыт екі компененттен тұрады:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау (оқыту ұзақтылығы  2,5 жылға дейін);

2) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту (оқыту ұзақтылығы 1 -ден 6 айға дейін).

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелгендігіне қарамастан жұмыссыздар, өзін өзі жұмыспен қамтушылар және қысқартылған жұмыскерлер болып табылады. 

 

 

 

Екінші бағыт, бойынша мемлекеттік қолдау түрлері «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспарды әзірлеуге жәрдемдесу.

Егер сіз жеке бизнесті алғашқы рет ашатын болсаңыз, онда мемлекет сізге көмек ретінде кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытуды жүргізеді («Бастау бизнес» жобасы шеңберінде немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде).

Кәсіпкерлік  негіздеріне оқытуға сондай-ақ, бизнес жоспарды әзірлеуге жәрдемдеседі.

Кредит/микрокредит кепілдік негізде ұсынылады және тек ұйым үшін немесе өз ісін кеңейту үшін беріледі. Кредит/микрокредиттер тұтынушылық мақсатта, бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизді өнімді шығаруға берілмейді.   

Бағдарламаның қатысушыларына кредиттерді/микрокредиттерді беру шарттары:

кредит/микрокредит мерзімі - 5 жылға дейін, (мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін - 7 жылға дейін);

кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы - 8 000 АЕК дейін;

номиналды сыйқы мөлшерлемесі – жылдық 6% аспайды.

Үшінші бағыт,  азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруда атаулы көмек көрсетуді күшейтуді, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды және еңбек нырығының инфрақұрылымын дамытуды көздейді.   

Осы бағыт бойынша Бағдарлама қатысушыларына мынадай мүмкіндіктер ұсынылады:

деректер қорында бар бос жұмыс орындарға орналастыру;

уақытша жұмыс орындарына орналастыру.

Әлеуметтік жұмыс орындары

Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады. Жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың республикалық бюджеттен төленетін еңбекақысы айына 25 АЕК құрайды.

Қоғамдық жұмыстарға тоқталатын борлсақ, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушінің қаражаты есебінен олардың өтінімі бойынша қаржыландырылады   

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмыссыздар;

2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер  және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

3) жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар құқылы.

 Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар және өзін өзі жұмыспен қамтушылар қатыса алады.