Ауыл шаруашылығы техникасын басқаруға куәлік қалай беріледі?

03.09.2020ж

Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері аясында көптеген сұрақтардың халық арасында жиі кездесетіні белгілі. Бүгінгі күні мың сауалға жауап беру мақсатында   «Qyzmet Live» жобасы аясында ауыл шаруашылық бөлімімен көрсетілетін қызметтер бойынша тікелей эфирде түсіндіру жұмыстары өтті.

 

Механиканы жүргізуге рұқсат беретін куәлікті алу үшін арнайы сынақтан өту керек.  Тракторист-машинист куәлiгi машиналарды техникалық пайдалану, жол жүру ережелерi мен практикалық машина жүргiзу дағдыларынан бiлiм тексерiлген соң берiледi.

Маманның бiлiмін  тексеру мемауылтехқадағалау инспекциясының қызметкерi, оқу орындары, шаруашылықтар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өтiнiштерi бойынша жүргiзiледi.

Практикалық жүргiзу дағдыларын тексеру үшiн керек тракторларды және басқа өздiгiнен жүретiн машиналарды, оқу орындары, шаруашылықтар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өздерi қамтамасыз етедi.

Белгiленген категориядағы машиналарды жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн алатын азаматтар төмендегiдей құжаттарды тапсыруы   керек:
     - оқу орындары, шаруашылық, кәсiпорын және мекемелер комиссияларынан берiлген         бiлiктiлiк     куәлiгi;
      - тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиоративтiк және басқа машиналарды жүргiзуге жарамдылығы туралы белгiленген үлгiдегi медициналық анықтама;
      емтихан алғаны және куәлiк берiлгенi үшiн төлеген жарнаның квитанциясы;
жеке  басты                   куәландыратын   құжат;
- мөлшерi 3 х 4 см, төменгi оң жақ бұрышы ақ, бiр фотосурет;

-сақтандыру талонымен тракторист-машинист куәлiгi (басқа категориялардағы машиналарды жүргiзуге рұқсат алған жағдайда).

«Емтихан және сақтандыру талонымен тракторист-машинист куәлiгi үшiн шаруашылық, кәсiпорын, ұйымдар мен мекемелер жiберген азаматтарға жарнаны бюджеттiң 12 бөлiмi 32 параграфындағы табысына қосу үшiн олардың бухгалтериясы Ұлтбанк мекемелерiне, ал жекелеген азаматтар - Халық банк мекемелерiне төлейдi»,- дейді    «Текелі қаласының ауыл шаруашлық бөлімі» ММ бас маманы инженер-инспектор Ғалым  Тукебаев.