Алакөлде «Еңбек» бағдарламасы арқылы 1321 адам жұмысқа тұрған

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы Алакөл ауданында табысты  іске асуда.

 

Тиімді бағдарлама негізінен төрт бағытта қызмет атқарады.

1) «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;

2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту;

4) «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру бағыттары бойынша жүзеге асырылуда екенін жеткізді.

 «Жыл басынан бүгінгі күнге дейін халықты жұмыспен қамту орталығына 1990 адам жүгінген. Азаматтардың 2047-сі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған, оның ішінде жұмысқа орналасқандар 1321 адам, тұрақты жұмысқа орналасқандар 447 адам — 33,8%-ды құрады»,-дейді Ляззат Қосантаева.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  аудан бойынша жүзеге асырылып жатқан 52 инфрақұрылымдық жобаға 593 жұмыссыз азамат уақытша жұмыстарға жіберілген. Оның ішінде: 29 — әлеуметтік нысандар; жол құрылысы бойынша 13 нысан; тұрғын-үй коммуналдық нысандар — 3; көгалдандыру және абаттандыру бойынша — 7 нысан.