Улы газды анықтау үшін 1621 құрылғы қойылған

24.09.2020ж

«Қатер аяқ астынан» демекші тілсіз жаудың құрсауында қалу әп сәтте. Ал, аталған келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар басқармасы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.

  Жылыту кезеңінде өткізілген арнайы іс-шаралардың арқасында тұрғын үй секторындағы өрттердің санын едәуір азайтуға және улы газбен улану жағдайларына жол бермейді. Оған дәдел, өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда өрт саны 47% - ға азайған.

 

Биылғы жылы 21 мың 200 үй (2018-2019ж. – 20 483) көлемінде жеке тұрғын үйлер тексерілген, жұмыс барысында 36 мың 536 азаматқа нұсқамалар берілген.

 

Бұдан басқа, қала бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі барлық үйлерде назардан тыс қалмаған.  Осы ретте 15 мың 106 азаматқа нұсқаулықтар таратылған.

Өрттің және улы газбен уланудың негізгі себептері халықтың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып табылады, бұған улы газбен уланудың осы фактілері тіркелген мекенжайлар бойынша өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды орындау туралы ұсынылған ұсыныстар дәлел бола алады. Улы газбен улануға ықпал ететін негізгі себептер тазартылмаған мұржалар, жылыту пештеріндегі жарықтар болып табылады дейді мамандар. 

        

Ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап 2156 азаматты қамти отырып, халықтың осал топтарының 1876 үйін комиссиялық мекенжайлық аралау басталды, онда өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді және тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ұсыныс-түбіртектер, жадынамалар табыс етілді.

«Улы газбен уланудың қайғылы салдарларын азайту мақсатында Талдықорған қаласының әкімдігімен халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне улы газды анықтаудың 1621 датчиктерін сатып алып, орнатылды»,-дейді Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары- Манат Тұрымов.

Тұрғын үйде орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйелерін және газ баллонды қондырғыларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады.

 Статистикаға сөз жүгіртсек, 2019 жылы газ баллонды қондырғылардың және газбен жабдықтаудың орталық жүйелерінде 3 жарылыс жағдайы тіркелген, онда 2 адам жарақат алған. Ағымдағы жылдың 7 айында газ қоспасының  2 жарылу жағдайы орын алып, 6 адам жарақаттанған.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, жергілікті атқарушы органдарға тұрмыстық газ баллондары мен газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бойынша құзырет бекітілген.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4140445