Жанама ауылында 24 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс ітейді

25.09.2020ж

Бүгін «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты  Жанама ауылдық округінің әкімі Асқар Балабатыровпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы.

 

 Ауыл шаруашылығы саласындағы аграрлық секторы бойынша Жанама ауылында  биылғы жылы 2999 гектарға егістік алқабы игерілген. Оның ішінде: дәнді дақылдар 40 гектар, майлы дақылдар 2375 гектар, техникалық дақылдар 195 гектар, азықтық дақылдар 250 гектар және картоп, көкөніс, бақша 137 гектарды құраса, мал шаруашылығында ірі қара 3630 бас, жылқы 744 бас, қой-ешкі 9865 бас, құстар 4900-ді құраған.

  Кәсіпкерліктің де тасы өрге жүзіп отыр. Ауылдағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 24 бірлікті құрайды. Онда 132 адам жұмыс атқарады.

 Сонымен қатар, Жанама ауылдық округінде 1 пескоблок шығаратын цех ашылып, 3 адам жұмыспен қамтылған.

 Қазіргі таңда округ аумағында екі орта мектеп, 1 бастауыш мектебі жұмыс істейді. Барлық 395 оқушыны 62 мұғалім оқытуда.

 Ал, «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бойынша Қарабұлақ ауылының Қараш палуан көшесіне және Жанама ауылының М. Мәметова көшесіне орта жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.

 Жалпы, жол жөндеу жұмыстары кезінде 11 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 6 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке тартылған.