Жайпақ ауылдық округінде 2376 гектарға егін егілген

29.09.2020ж

«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты Жайпақ ауылдық округінің әкімі Ерік Табеевпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы.

 

Өткен жылмен салыстырғанда жеке шаруа қожалықтарының саны 73 болса, биылғы жылы 4 жеке шаруа қожалықтарының саны бірнеше есеге артқан. Жалпы, суармалы жер игеру көлемі 61 гектарға ұлғайып, нәтижесінде 4 адам жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ, егін себілген жер көлемі 2376 гектарды құраған. Оның ішінде: мал азық даққылдары (көпжылдық шөп) 280 гектарға, дәнді дақылы 100 гектарға, майлы дақылы 1896 гектарға, бақша дақылы 63 гектарға, қант қызылшасы 10 гектарға ұлғайған.

Ал, мал шаруашылығы бойынша ірі қара 1396 бас, сиыр 498 бас, қой ешкі 5800 бас, аналық 2145 бас, жылқы 1159 бас, бие 295 бас, құс 905 басқа жеткен.

Сонымен қатар, білім беру саласы бойынша округте 1 орта мектеп жұмыс істеуде. Барлық оқушылар саны 258. 1-4 сыныптарда 97 оқушы, 5-9 сыныптарда 121 оқушы, 10-11 сыныптарда 40 оқушы білім алуда. Мектепалды даярлық тобында 28 бала тәрбиеленуде. Оқушылар 100%  керекті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Денсаулық саласы бойынша қазіргі таңда Жайпақ ауылдық округінде 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс жасауда. Жалпы, қызыметкерлер саны 11 адам оның ішінде 1 дәрігер, 1 фельдшер жұмыс атқаруда.