Ақсу ауданында сервистік әкімдік 800ден аса мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен

10.11.2020ж

Жансүгіров ауылындағы  сервистік әкімдігі жұмысын мамыр айында бастаған болатын. Кеңсе ореп-space форматында жұмыс істейді. Мұнда 49 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіліп жатыр.

 Соңғы 9 айда тұрғындар 820дан аса түрлі мемлекеттік қызмет алыпты. Мекеменің қызмет көрсету залында келушілерге барлық жағдай жасалған. Азаматтардың кезек күту үшін қолайлы орын, қажетті жабдықтармен жабдықталған. Ақпараттық стендтер орнатылған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Мұндағы басты қағида мемлекет басшысы жолдауында көрсетілгендей «ЕСТИТІН МЕМЛЕКЕТ» тұжырымдамасын іске асыру. 28 мемлекеттік органның жұмысын бір жерге шоғырландырылған. Ғимараттың артықшылығы келушілер мемлекеттік қызметтерді алу үшін  аудан орталығының  әр бұрышында орналасқан бөлімдерге сабылмайды. Іздемей, бір ғимаратта алып шығады.