Жемқорлыққа жол жоқ

05.02.2021ж

Бүгінгі таңдағы тәрбие жұмысының бір бағыты - балалар мен жастардың саяси-құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, қоғамда кездесетін қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы білім беретін мектептерде «Адал ұрпақ» клубтары құрылған. Сол бойынша оқушылар арасында әртүрлі семинарлар, пікірталастар, конференциялар онлайн іс-шаралар жүргізіліп отырады. Сынып сағаттарында жемқорлықтың алдын алу туралы түсінік жұмыстары жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жоспарлы жұмыс атқарылуда.
Лаура Мешітбайқызы,
педагог-ұйымдастырушы,
Ақжазық ауылы.