Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және (немесе) барлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін талап қою мерзімін айқындауға қатысты

16.02.2021ж

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 3 тармақ 48 бапқа сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріліп, салық төлеушілердің мынадай:

 

1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын;

2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратындар.

Салық кодексінің 1 бабы 2 тармағының 22 тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт.

Салық кодексінің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға және жер қойнауын пайдалану құқығын берудің және (немесе) су пайдаланудың басқа да түрлеріне лицензиялар да жатады.

Осылайша, салық төлеушілер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану және (немесе) су пайдалану құқығының басқа да түрлеріне сәйкес қызметті жүзеге асырған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бойынша талап қою мерзімі бес жылды құрайды.

Алматы облысы бойынша МКД