Алаяқтықтан сақ болыңыз

12.04.2021ж

Соңғы бірнеше жылда Интернетті қолданып жасалатын қылмыстар саны артты. Алаяқтық дегеніміз - біреудің мүлкін ұрлау немесе біреудің мүлкіне құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау, басқаша айтқанда, азаматтардың сенімсіздікке негізделген ақша немесе басқа құндылықтарды алудың алаяқтық тәсілі.

Интернет алаяқтық - дәл сол әрекеттер, бірақ Интернетте немесе Интернетті пайдалану арқылы жасалатын қылмыс түрі.
Алаяқтықтың кең тараған түрі тауарларды сату туралы жарнамаларды орналастырумен немесе Интернет сайттарында қызмет етумен байланысты. Алаяқтар өз құрбандарын арзан бағамен, тауарлар мен қызметтерді тез ұсынумен тартады. Сонымен қатар, үшінші тұлғалардың онлайн-несие беру жағдайлары жиілеп кетті.
Интернеттегі алаяқтық схемаларының құрбаны болмау үшін, біздің қарапайым ұсыныстарымызға көңіл бөліңіздер:
• Белгісіз адамдарға банк картасының мәліметтерін немесе төлем қызметтерінің тексеру кодтарын ешкімге айтпаңыз және жалпыға қол жетімді компьютерлерден банк картасының мәліметтерін енгізбеңіз,
• Жеке деректеріңізді ешкіммен бөліспеңіз,
• Тауарларға алдын-ала төлем жасамаңыз,
• Күмәнді ақпарат көздеріне сенбеңіз,
• Аударымдар туралы түбіртектерді, кодтарды, құпия сөздерді ешкімге айтпаңыз.
Құрметті азаматтар сақ болыңыздар! Егер сіз алаяқтың құрбаны болсаңыз, дереу бұл факт туралы полицияға хабарлаңыз.

Ж.Кавлиев,
Панфилов АПБ-ң бастығының м.а полиция подполковнигі.