Сыбайлас жемқорлық - дерт

22.04.2021ж

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетті  қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидаты маңызды рөл атқарады. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.

 

   Осыған орай  Нәдек орта мектебінде  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»  мақсатында іс-шара жоспары жасалып, бекітілді.  Мектеп кітапханасында «Жемқорлық - ғасыр дерті» кітап бұрышы ұйымдастырылды. 1-11 сынып оқушыларымен  «Жемқорлық індет - оны жою міндет» тақырыбында қашықтықтан сынып сағаттары  өткізіліп, сурет байқауы  ұйымдастырылды.

   Мұнымен қоса аудандық  «Жемқорлыққа  жол  жоқ!» атты  челленджін Ә.Қастеев атындағы орта мектебінен қабыл алып, Шежін орта мектебіне жолданып, фейсбук парақшасына жарияланды.  Аудандық  «Сыбайлас жемқорлыққа  жол жоқ!» атты сурет  байқауына  9 «ә» сынып оқушысы  Аяжан Ержан қатысты.

  Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған  кез келген жемқорлық атауымен  кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді. 

  Жас жеткіншектер сыбайлас жемқорлыққа қарсы!    Ел  болашағы – жас  ұрпақтың  қолында!

                А.Алдабергенова,

«Нәдек орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі  директорының

тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары.