Бала тәрбиесі басты назарда

06.05.2021ж

Жуырда  аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімдігінің жанындағы   кәмелетке толмағандардың істері және  олардың құқықтарын қорғау жөнінде аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудан  әкімінің орынбасары, комиссия отырысының төрайымы   Р.Мағрупова ашып, жүргізді.

 

        Күн тәртібінде екі  мәселе қаралды. Бірінші Х. есімді ана өзінің кәмелет жасына толмаған қызын, өзінің әпкесіне тапсырғысы    келетіндігі  жөніндегі мәселе қаралды. Әпкесінің айтуы бойынша кәмелетке толмаған қыздың анасы ішкілікке салынған ана. Ана баласының сабақ үлгеріміне  қара алмайтындығын, тұрмыстық жағдайының төмендігін атап өтті.

        Осы мәселе бойынша комиссияның мүшесі, аудандық емхананың нарколог дәрігері Е.Нұраханов баланың анасын емдеуге жіберуге ұсыныс тастады. Ал, Х.есімді ана  қарсылық танытып, ішімдікті өз еркімен қоятындығын айтты.

                Екінші            қаралған    мәселе, көп  балалы анаға  балаларының сабаққа қатысуына жауапкершілігі жоқтығына  байланысты мектеп директоры арыз түсірген болатын. Осы мәселе комиссия отырысында қаралып,  көп балалы отбасына  комиссия мүшелері ақылдарын айтып, анасы екінші рет мұндай жағдай орын алмайтынына сөз берді. Балаларының онлайн сабаққа  қатысуы  білім бөлімінің басшысына тапсырылды.

         Осыған орай  мектеп  психологтары балалармен ашық сөйлесу керектігін айтты.

     Комиссия отырысының төрайымы Роза Азаматқызы  комиссия отырысының барлық мүшелеріне жоғарыда айтылған мәселе бойынша  қадағалау жұмыстарын жүргізуді  талап  етті. 

                                                    Өз  тілшіміз.