Тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.

11.05.2021ж

Егер сіз үй иесі болсаңыз, тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Мұны екі жолмен жасауға болады:



eGov.kz порталы арқылы:
1. eGov.kz порталына кіріңіз;
2. Іздеу жүйесі арқылы "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" қызметін табыңыз;
3. Қызметті онлайн сұраңыз;
4. Мекенжай деректерін растаңыз;
5. Тіркеуден шығарғыңыз келетін адамды тіркелгендер тізімінен таңдаңыз;
6. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз;
7. Қызмет нәтижелері порталдың жеке кабинетінде көрсетілетін болады.

Егер тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар сіздің жеке кабинетіңіздегі әрекеттеріңізді растау керек;

ХҚО арқылы:
1. ХҚО-ға онлайн кезекке тапсырыс беріңіз және белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келіңіз;
2. Операторға жазылып берілетін адамның ЖСН көрсетіп, қызметке өтініш жазыңыз;
3. Бес минуттан кейін адам тіркеуден шығарылады.

Қызметті ХҚО арқылы рәсімдеген кезде, сіз тіркеуден шығарылатын адамның ЖСН білуіңіз қажет - оны eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.