ХҚО-ҒА ASHYQ-ПЕН ҚАБЫЛДАЙТЫН БОЛАДЫ

23.06.2021ж

Мемлекеттік санитар дәрігердің (2021 жылғы 11 маусымдағы №27) қаулысына сәйкес, Алматы облысы бойынша ХҚО-лар клиенттерді Ashyq арқылы қабылдай бастады.


Қосымшаны App Store және Google Рlay-ден жүктеуге болады. Сондай-ақ Ashyq қызметі kaspi.kz, Homebank @HalykBank және eGov mobile қосымшалары арқылы қолжетімді. Айта кету керек, қызметі шектелген орындарға «Ashyq» мобильді қосымшасындағы QR-кодты көрсету арқылы кіруге мүмкіндік береді. Қосымшада қызыл, сары, көк және жасыл мәртебелерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көрсетеді.