Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет

06.08.2021ж

Сыбайлас жемқорлық - ешбір ел сақтана алмайтын нағыз жаһандық проблемаға айналды. Сыбайлас жемқорлық мәселесі адамдарға, қоғамдастықтарға және бүкіл елдерге жағымсыз әсер етеді; демократиялық процестерге нұқсан келтіреді, әділетсіздікті күшейтеді және кедейлікті арттырады; негізгі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін төмендетеді, бизнес жүргізу құнын арттырады және дамуға бағытталған инвестицияларды азайтады.

Осылайша, сыбайлас жемқорлық тұрақты дамудың барлық үш өлшеміне теріс әсерін тигізуде: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыда.
Барлық елдерге әсерін тигізген COVID-19 пандемиясының басталуымен сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдары айқындала бастады. COVID-19 бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау жүйесіндегі және мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі осалдықтарды, мемлекеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану, осал келісімшарттық процедуралар мен алақол басқарудың сансыз оқиғаларын анықтап берді.
Қазақстан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу сұрақтарына үлкен назар аудара отырып, оған қарсы іс-қимылды әрі қарай жалғастыруда. 2008 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялауы осы процестің маңызды кезеңі болды. 2019 жылы GRECO-ға кіру арқылы Қазақстан мемлекеттік және жеке секторлардағы адалдықты нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге өзінің міндеттемелерін растады. 2019 жылы Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың әлемдік индексіндегі рейтингін 124-орыннан (2018 ж.) жоғарылатып, 198 елдің ішінде 113-орынға көтерілді.
Пандемия басталысымен Қазақстан үкіметі, кәсіпкерлік сектор және азаматтық қоғам, жеке қарым-қатынасты барынша азайту шараларын қабылдап, қашықтан жұмыс атқару форматына көшті. Орталық және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қоғамдық бақылау топтарымен бірге дәрі-дәрмектерді, азық-түлік пен қажетті тауарларды тиімді таратуды, сондай-ақ халықтың осал топтарының құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге үлкен күш жұмсады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бүкіл әлем бойынша БҰҰ ДБ жұмысының өсіп келе жатқан бағыты болып табылады. Заңнаманы өзгерту, есеп беру жүйесін жетілдіру және жаңа технологияларды пайдалану арқылы БҰҰ ДБ-ның жаһандық бастамалары сыбайлас жемқорлықсыз орта құруға көмектеседі.
Қазақстандағы БҰҰ ДБ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұзақ мерзімді серіктесі бола отырып, елдегі сыбайлас жемқорлықтан ада институттарды құруға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды, оның ішінде мемлекеттік қызметке этикалық институттарды енгізу, мемлекеттік және жеке секторларда адалдық қағидаттарын әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеуді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді қолдады.
К.Розбакиев,
Панфилов ауданаралық
Әділет басқармасының
бас маманы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839434