Өрттің пайда болу факторының бірі - темекі

13.08.2021ж

Тұрғын үй қорында өрттің пайда болуына әкеп соғатын факторлардың бірі - темекі шегу мен маскүнемдік. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өртте қаза тапқандардың 70%-ы ішімдікті шамадан тыс пайдаланған және жиі төсекте темекі шеккен адамдар екен.

15 минуттан кейін төсекке құлап түсетін темекі шоғы өртке айналады. Бұл жағдайда адам 3 минуттан кейін улы газдың өлім дозасын алады.
Сонымен қатар, бұл өрттердің көбісі түнде болады. Көбінесе, көршілер өрт ошағын анықтағанша, үй толықтай өртеніп кетеді. Өртке қарсы қызметке хабарлама өте кеш хабарланады, ал үйдегі адам ол уақытта көз жұмуы мүмкін. Жиі ішімдік ішіп жүрген адамдар өз өмірлеріне ғана емес, басқа адамдарға - туыстары мен көршілеріне де қауіп төндіреді.
Құрметті азаматтар! Тұрмыста пайда болатын төтенше жағдайлардың көбісі адамзат факторына байланысты.
Тұрғын үй аумақтарында темекі шегудің өрт қауіпсіздігі ережелері реттелмеген, алайда құтқарушы өрт сөндірушілердің қайғылы тәжірибесіне сүйене отырып, біз негізгі талаптарды тұжырымдай аламыз:
•темекі күлін арнайы ыдысқа жинау, арнайы ыдысқа жанбайтын заттан жасалу керек;
•Төсекте немесе диванда темекі шегуге тиым салынады. Шаршаған немесе ішімдікті шамадан тыс пайдаланған адам әрдайым өз іс-әрекетіне бақылау жасай алмайды;
•Шылым шегу көшеде немесе арнайы тағайындалған бөлмеде болуы керек, онда темекі еденге түсіп кетсе, едендер жанбайтын материалдан жасалынған жөн.
М.Иманбеков,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839441