Сақтансаң сақтайды
- Толығырақ
- Жарияланды 13.08.2021 05:26
- Автор: Super User
- Категория: Адам және қоғам
- Қаралды: 969
13.08.2021ж
Қазіргі кезде өрттің қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын әрбір азамат білуі керек. Ол үшін өрт болған жағдайларда бірінші кезекте 101 телефоны арқылы өрт сөндіру бөліміне хабарлауы керек. Өрттің қай жерде жанып жатқанын, мекен-жайын толық хабарлау керек.
Осыдан кейін адамдарға құтқару бірінші кезектегі жұмыс, өйткені адам өмірі ең маңызды және жедел қолдағы бар мүмкіндікпен өртті өшіруге кірісу керек. Ол үшін қолдағы бар құралдарды пайдалану керек. Көбінесе азаматтар өрт сөндіру бөліміне кештетіп хабар береді немесе өрт жайлы хабарлаған кезде мекен-жайларын толық айтпай телефон тұтқасын тастай салады. Осының барлығы өрт сөндіру бөлімінің жұмыстарын күрделендіре түседі. Егер хабар дер кезінде түспесе, өрттің арты үлкен апатқа соғуы мүмкін.
Құрметті аудан тұрғындары, өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар.
Ж.Қадырбеков,
аудандық ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау
капитаны.