Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың парызы

15.10.2021ж

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде, тіпті алпауыт елдерде белең жайып, ешқандай кедергісіз елдің саяси дамуына әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Ал енді осы сыбайлас жемқорлықтың тамырын тереңге жайып қарайтын болсақ,

«Коррупция» термині латын тілінен аударғанда мағынасы жағынан «мемлекет организімі мен қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді. Яғни, лауазымды тұлға өз өкілеттігі мен сеніп тапсырған құқығын шектен тыс пайдаланып, мемлекетке және қоғамға үлкен зиян келтіреді. Тұңғыш елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдылықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсеткен болатын.
Сыбайлас жемқорлықты қоғамның көмегінсіз жеңу мүмкін емес. Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да, әрбір істі май шаммен қарап, ақ қарасын ажыратып, адалдықпен, әділдікпен атқарған. Сонымен қатар кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ел болып еңсемізді көтеріп, бейбіт күннің тәуелсіз азаматтары болып,барша әлемге танылғанымызға отыз жыл уақыт өтті. Өткенге көз жүгіртсек көреген саясаттың арқасында тамырын тереңге жайған бәйтерек болып қалыптасуымызға бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттері ортасынан өз орнымызды айқындадық.
Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза гүлдей жайқалған ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттерімен қоғамдық ортаның және мемлекеттік ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өз қолында. Бұл дерттің алдын алып, таралу жолдарына кісен салып, қарсы жұмыла әрекет етуіміз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың ең басты қаруы – әділдік. Ал, әділдік жоқ жерде пара беру немесе пара алу белең алады.
А.Сеитқожа,
ҚР АШМ АӨК МИК
Панфилов аудандық
аумақтық инспекциясының
бас маманы.