Жетісу облысында жаңа ХҚКО ашылды

2023-11-01


 

                 Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы, облыс әкімдігімен бірлесіп Көксу ауданы Балпық би ауылында жаңа ХҚКО ашты. Аталмыш халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы Балпық би көшесі, 10в.


            Айта кетейік, бұған дейін азаматтарды  Измайылов көшесі, 10 мекенжайы бойынша қабылдаған болатын. Жаңа екі қабатты орталықтың ауданы 1 200 шаршы метрді құрайды, бұл алдыңғы орталықтан үш есе үлкен ғимарат. Бірінші қабатта ХҚКО орналасса, екінші қабатта АХАТ қызметтері, әлеуметтік қамсыздандыру және жер кадастры қызметтері көрсетіледі.


              Жаңа ХҚКО бірнеше секторға бөлінген. Мысалы, E-otinish орталығында мемлекеттік органға электрондық өтініш берілсе, құжаттарды беру аймағында – дайын құжатты алуға болады, ал жайлылық аймағында қызмет алушылар оператордың көмегінсіз электрондық үкімет порталы, "Мобильдік ХҚКО" қосымшасы және eGov mobile арқылы қызметтерді өз бетінше ала алады.


             Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жаңа ХҚКО-да мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пандус, лифт және жеке терезе қарастырылған. Сонымен қатар, балаларымен келген қызмет алушыларға ана мен бала бөлмесі де бар. Айта кетейік, жаңа ХҚКО-ға күніне 200-ге жуық ауыл тұрғыны келеді деп болжануда.


            Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Жетісу облысында 10 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері облыс азаматтарына 270 мыңға жуық қызмет көрсетілген.

--