Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер

Сіздердің назарларыңызға 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін заң актілеріне енгізілген  өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпаратты ұсынамыз:  1.Маңызды өзгерістердің бірі, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап  базалық зейнетақы тағайындау методикасының өзгеруі, яғни зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады.

 

Қазіргі уақытта барлық зейнеткерлер еңбек өтіліне қарамастан базалық зейнетақыны төменгі күн көріс деңгейінің 54% - 15274 теңге мөлшерінде алады.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы:

                1).Азаматтар жалпы зейнеткерлік жасына жеткен кезінде ғана (63- ер адамдар, 58,6/63- әйел адамдар);

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес біз көп балалы аналарға 53 жасқа толғанда ынтымақты және базалық зейнетақы да тағайындайтын болсақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 53 жаста тек ынтымақты зейнетақы тағайындаймыз, базалық зейнетақы кейін төленетін болады.

                2).Зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты;

Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа механизмі келесідей болады:

Егер азамат жұмыс істесе және БЖЗҚ-на тек 10 жыл бойы аударымдар жүргізсе немесе мүлдем жұмыс жасамаса, онда оған біз төменгі күн көріс деңгейінің 54% мөлшерінде базалық зейнетақы тағайындаймыз, бұл бүгінгі базалық зейнетақы мөлшеріне тең. Бұндай жағдайда азамат қосымша ақы алмайды.

10 жылдан асқан әр 1 жыл еңбек өтілі үшін базалық зейнетақы 2% ұлғаяды. Мысалы, 20 жыл еңбек етсе базалық зейнетақы төменгі күн көріс деңгейінің 74%, 30 жыл еңбек етсе базалық зейнетақы төменгі күн көріс деңгейінің 94% құрайтын болады. Сонымен қатар, заң бойынша 33 жыл немесе одан да көп жыл еңбек етсе базалық зейнетақының мөлшері төменгі күн көріс деңгейінің 100% құрайтын болады.

                2. Қолданыстағы ережеге сәйкес, мүгедек-баланы тәрбиелеуші ата-аналарға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, тек бала 18 жасқа толғанға дейінғана, айлық жалақының 1,05 көлемінде төленеді (2018 жылы 29 699 теңге).

Аталған төлем 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы тәрбиелеу кезеңіне қажетті қосымша көмек ретінде ендірілген, яғни балаға білім беру, оның осы кезеңде физикалық тұрғыдан жедел дамуына байланысты тамақтандыру, киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін ата-анасының шығынының өсуіне байланысты.

Дегенмен, мүгедек-бала кәмелеттік жасқа жеткенімен ол ата-анасының көмегіне мұқтаж болып қала беретінін ескерген жөн.

Осыған байланысты, Елбасы өзінің 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауында Үкімет кекәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы төлемін 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ендіруді тапсырды. Қарастырылып отырған жәрдемақының осы түрін шамамен 392 отбасы алатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы

 КЕ АҚ Алматы облысы  бойынша филиалы – «ӘТВЕО»

Департаментінің

Панфилов аудандық  бөлімшесі.