Нашақорлықпен күрес – ортақ міндет

Наурыз айының 30 жұлдызында Панфилов ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомтсвоаралық штабы мүшелерінің отырысы өтті. Отырысты аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Роза Мағрупова жүргізіп отырды. Отырысқа нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі  ведомствоаралық штаб мүшелері,  аталған салаға жауапты мамандар қатысты.

 

                Күн тәртібінде штабтың жұмысын одан әрі жетілдіру және жандандыру мәселесі қаралып,  аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Қастеевтің  «Ауданның білім беру мекемелеріндегі  нашақорлықпен күрес және оның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баяндамасы тыңдалды. Баяндамашыға аудандық прокуратураның прокуроры А.Имярова сұрақ қойып, аудандық аурухананың бас дәрігері Т.Сарпеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Жақыбай көтерілген мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.

                Жиынды аудан әкімінің орынбасары, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі  ведомствоаралық штаб төрайымы Роза Азаматқызы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті іске асыру бойынша  іс-шаралар              жоспарын сапалы орындау үшін  штабқа мүше ведомстволардың өзара бірлескен іс-әрекеттерін одан әрі жетілдіру жайын атап өтіп, қорытындылады.

Ж.Ержанқызы.