Латын әліпбиінің келешегі кемел

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру"мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау керектігін айқындап берді.

    Елбасымыздың осындай маңызды әрі дербес шешім қабылдауы өте орынды.

    Осындай шешім арқылы еліміздің дәрежесі биіктеп,көтерілері сөзсіз. Жаңа ұлттық әліпбиіміз болашақтың бағдары, жас ұрпақтың таңдауы. Біз латын қарпіне көшу арқылы ежелгі мұрамызды қайта қолға аламыз. Елбасымыз осы мәселені жүзеге асыруда қоғамдық пікірді білу үшін арнайы тапсырма берген. Берілген тапсырма Головацкий атындағы орта мектебінің Айгүл Жұмағұлқызы бастаған ұжым мүшелері бірауыздан қолдау көрсетуде. Осыған орай мектепте кітапханашы Шекер Нұрсұлтанқызы жоғарғы сыныптар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

      Келешекте: "Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің жаңа белесі"атты конференция, "латын әліпбиі-қазақ тілін жаңғыртады" атты  акция, "Латын әліпбиіне көшудің тиімді әдістері" атты дебат, "Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі" атты кездесу, "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты ақпараттық бағдарлама өткізу  жоспарға алынып отыр. Осы орайда мектеп оқушылары да бірауыздан қолдап,әліпбидің жаңа үлгісімен танысуда.                                  Міне,осындай үрдісте біздің мектеп латын әліпбиіне көшуге толықтай дайын екені анық. Себебі, латын әліпбиінің келешегі кемел.

 

Серік  ,

Ажар,

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net