Сананың ашықтығы ақпарат айдынында

16-17 қараша күндері әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық Университетінің кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының III Халықаралық медиа форумы болып өтті.

 

     Бұл шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері,  республикалық БАҚ жетекшілері, отандық және Ресей, Германия, Латвия, Өзбекстан  сияқты елдерден келген шетелдік сарапшылар қатысты.

    Форум аясында пленарлық сессия, конференция, шеберлік сабақтары өткізіліп, этностық  БАҚ-тың көрмесі көрсетілді.

      Осы көрмеге отандық БАҚ-ының қатарында Панфилов аудандық «Жаркент өңірі» газетінің көрсетілуі  де» -мәдени шараның мәйегіне айналды.

     Модераторы «Хабар» телеарнасы директорының орынбасары Ерлан Игісінов болған форумның ашық диалогына Арманжан Байтасов, Қымбат Хангелдина, Айгүл Мүкей, Гүлнара Абдуназарова, Владимир Решетов сияқты білікті журналистер қатысып, шеберлік сабақтарын жүргізді, БАҚ өкілдерімен пікір  алмасты.

     Форум жұмысына Панфилов аудандық «Жаркент өңірі» газетінің директор-бас  редакторы Бағдат Айтмұқаеваның қатысқаны да-ақпарат айдынындағы елеулі  оқиғалардың бірі   болды.

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net