Тарихы терең туған жер

Жазиралы Жаркент өңірінде  киелі жерлер баршылық. Әлі нақты анықталмаған  киелі жерлер  де бар. «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы біздің өлкемізге де нұрын шашып отыр.Сол киелі жерлер  анықталып  жатса - болашақта Жаркент өңірі де, бар әлемге танымал  болып еліміздің, жеріміздің рухын асқақтатары сөзсіз.

    Сонымен қатар, Қазақстанның шығыс қақпасы, Алтынкөл, Нұркент, Құрғақ порт та болашақта  киелі өлкеге  айналмасына кім кепіл?!   Бүгінде сауда-саттыққа  айналған керуен   “Жібек жолы”  арқылы  шет елдермен қарым-қатынас нығайып жалғасуда.  Ата-бабамыздың  салған дара  жолы, Елбасымыздың салиқалы  саясатының  арқасында  қайта  жандануда.

        Президентіміздің  “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы болашақ  ұрпаққа ұмыт бола бастаған асыл қазынамызды ашып, айқындап, жол сілтемек.  “Елу жылда ел жаңа”-демекші Елбасымыз болашақ ұрпаққа сүбелі жол ашып отыр. Демек, қазақ тарихының өткені  мен бүгінін айқындайтын тарихи оқиғалар да осы жазиралы Жаркентте орын алған. Киелі жерлерді анықтау жұмысы бұл өлкеде мұқият жүргізілгені жөн деп ойлаймын.

      А.Байтұрсынов:   “Сөздің ең ұлысы,ең сипаттысы тарих”-дейді. Сол тарих қайта жаңғырып жатса нұр үстіне нұр болар еді .

Ж. Махажанова,

Ават  орта  мектебі.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

booked.net