Жарқын болашақ кепілі

 

      Әлемдік деңгейдегі сарабдал саясаткер, өн бойында қазақы даналық пен көрегендік қасиеттер тұнған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елімізді әлемнің бәсекеге қабілетті ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосуға бағытталған қайта түлеудің айрықша екі маңызды процесі-эканомикалық және саяси жаңғыруды қолға алуды алдымызға басты міндент ретінде қоя отырып қоғамның рухани өмірін түбегейлі оң өзгерістерге бастайтын ұлы стратегиялық бағдарлама деп бағалауымыз керек. Аталған мақалада тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасыне жаңғыртудың 6 басты бағыты ретінде: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы және таяу жылдардағы міндеттер білгірлікпен сараланып көрсетіліп отыр.  

      

                                  «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни адам бұрын жаңғырып отыруы тиіс», деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей эканомикалық, саяси-әлеуметтік, құқықтық салаларда білім, ғылым, технологияның қарқынды даму жолына түскен жаһанданудың алмағайып кезеңінде әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті  қамтамасыз ету, ұлттық мемлекетімізді, тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін руханият әлемімізді түбегейлі қайта жаңғыртуымыз керек. Еліміздің жан жақты дамыған біртұтас мемлекет ретінде нақты қалыптасуы үшін жалпы бұқаралық сананы өзгертудің, білім мен технологияны терең меңгеріп, ұлттық құндылықтарымызды түгендеудің өркениетті жолдарын көрсете білген аталған мақала  қоғам  үшін аса құнды бағдарламаларды ұсынып отыр.

                Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени  және конфессияаралық келісім», 2025 жылдан латын әліпбиіне көшу, «Жаңа гуманитралық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер» сияқты озық идеялы бағдарламалар еліміздің рухани саласының өркендеуіне қол жеткізеді.

                Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи  мол мақаласында ұсынылған заманауи озық идеялар мен жобалар сан ғасырлар сынынан өткен тағылымды тарихымызды, санамызды, әлемде теңдесі жоқ ұлттық мықты кодымызды, ғажайып салт-дәстүрімізді, ерекше мәдениетімізді, яғни ұлттық бірегейлігімізді жаңа сапалық деңгейге көтерумен қатар жас мемлекетімізді әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосатынына,Ұлы Дала елінің қаһарман Тоныкөк бабамыз армандаған, Елбасымыз нақты жүзеге асыруға кіріскен «Мәңгілік елге» айналарына, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, қазақстандықтарымыздың  болашағын нұрлы, бақытты, берекелі ететініне сенімім зор.

Бекмұхамет Бекболат.

 

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net