Рухани жаңғыруға қосар үлесіміз мол болсын

                Қаңтардың 9-шы жұлдызында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс  залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Аңсар  Мұсаханов пен Нұрлан Қылышбаев аудан  жұртшылығымен жүздесті.   Аудандық, облыстық Мәслихат депутаттары, Жаркент қаласы мен ауылдық округтердің әкімдері, мекеме мен ұйым басшылары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысқан бұл жүздесуді аудан әкімі Темірлан Бектасов ашып, жүргізіп отырды.

 

                Аудан   әкімі  Темірлан  Амангелдіұлы    Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру бойынша облысымыз бен ауданымызда атқарылып жатқан  игілікті іс-шаралары жөнінде әңгімелеп, бүгінгі кездесуге арнайы келіп отырған құрметті қонақтарды: ҚР Парламенті Сенатының  депутаттары Аңсар Мұсаханов  пен Нұрлан Қылышбаевты көпшілікке таныстырды.

                Бұдан соң Қазақстан Республикасы  Парламенті Сенатының депутаттары Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов пен Нұрлан, наурызұлы Қылышбаев сөз сөйледі.

     Сенат депутаттарының сөйлеген сөздерінің толық мәтіні төменде жарияланып отыр.

                Кездесуде  Социалистік    Еңбек   Ері   Күләш   Айтжанова, Панфилов аудандық мәслихатының депутаты, «Ходжамбердиев» жеке шаруа қожалығының басшысы Адылжан Ходжамбердиев, жеке шаруа қожалығының басшысы, еңбек ардагері Әзкен Кәріпжанов, еңбек ардагері Нұрләби  Рақымжанов «Казсушар» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы облыстық филиалының Панфилов өндірістік учаскесінің бастығы Тоқтарбай Керімқұлов,  Алматы облыстық Мәслихат депутаты Мұрат Әубәкіров және тағы басқалары  өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Бұл сұрақтарға Қазақстан  Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов дәйекті  жауабын  берді.

                Жылы шырайда өткен бұл кездесуді аудан әкімі Темірлан Бектасов қорытындылап, құрметті қонақтарға шынайы алғыс  сезімін білдірді.

                ҚР Парламенті Сенатының  депутатары әкімдіктегі кездесуден соң «Алтын ұя» балбақшасы мен         № 2  жасөспірімдердің спорт мектебінде болды.

                Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Аңсар  Тұрсынханұлы Мұсахановтың аудан жұртшылығымен жүздесудегі сөйлеген  сөзі:

                Баршаңызға мәлім біздің еліміз үшін өткен жыл қайырлы берекелі жыл болды. Ең бастысы елімізде тыныштық сақталды. Берекелі – бірлікті жағдайда  Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы да жақсара түсті.

                Өткен жылдың ең басты тарихи оқиғасы ол «Экспо 2017» халықаралық көрмесінің сәтті әрі табысты өтуі болды.

Астанадағы көрменің тарихтағы ең табысты көрме болғандығын халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес атап  өтті.

                Тәуелсіз еліміздің ширек ғасырдағы тарихын қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің  жаңа кезеңге аяқ басқанын, бұл орайда Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміздің аз болмағанын айтып өтті.

                Алайда жеткен жетістіктерімізге мәз  болып, бір орында тоқтап қалуға болмайды. Өмірдің заңдылығы сол – іс одан әрі ілгері басуы үшін экономикалық, саяси өзгерістермен қатар рухани дүниеміз – санамыз да жаңғыруы тиіс.

                Мына жайға назар салыңыздр, Елбасы ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру бізге өнеге болмайтынын атап өтті. «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу! ... Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр  ала  алмаса,  ол адасуға  бастайды».

                Елбасы тұтас қоғамның, оның әрбір мүшесінің санасын жаңғыртудың бағыттарын да атап көрсетті. Олар: 1) бәсекеге қабілеттілік, 2) прагматизм, 3) ұлттық бірегейлікті сақтау, 4) білім және 5) сананың ашықтығы.

                Мақалада көтерілген ең  басты мәселе – ұлттық кодты, ұлттық мәдениетті сақтау, білімді болу. Ұлттық жаңғыру ұлттық сананың кемелденуін білдіреді, дейді  Елбасы.

                Ғалымдардың пікірінше, сананың түрлері көп: пендешілік сана, масылдық сана, тоғышарлық сана, бодандық сана. Бұлар сананың төменгі деңгейлері. Бұл саналардың деңгейінде рух туралы әңгіме болуы мүмкін де емес. Рух сананың дамуының, өркендеуінің, қоғамға ықпал ету деңгейінің ең жоғарғы биігінде туындайды. Бұл кезде әрбір адам немесе қоғамның негізгі тобы жеке басынан гөрі халықтың жағдайын ойлайды. Дәл осы жағдайда ғана ұлттық сананың қалыптасуы орнайды.

                Рух жалпы адамзатқа тән болғанымен ұлттық формада өмір сүреді. Өйткені адам – белгілі бір ұлттың өкілі.

                Ұлттық рухтың мазмұны - өз ұлтына деген сүйіспеншілік. Ол қайдан пайда болды? Ол тілін меңгерсең, тарихын  білсең, мәдениетін, әдет-ғұрпын білсең пайда болады. Бұл – ұлттық рухтың негізгі базасы.

                Қазақ ұлтының басындағы үш жүз жылға жуық бодандық халқымыздың бойында ұзақ ғасырлар  бойы  қалыптасқан жоғары деңгейдегі ұлттық рухты біраз әлсіретті: тілін жоғалтуға таяу қалды, ұлттық дәстүр әлсіреді, дін әлсіреді. Ендігі мақсат сол  әлсіреген рухты жандандыру, қайтадан жоғары деңгейге жеткізу. Бұл мақсатқа Елбасы жариялап отырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» платформасы мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызы ерекше.

                Әр ұлт басқа ұлтта қайталанбайтын ерекшелікке, өзіндік мәнділікке ие. Жалпыланған, өз бейнесін жоғалтқан ұлт болмайды. Егер олай болса, ол тарих сахнасынан өшеді.

                Қазір елімізде үш тілді меңгеру бағдарламасы енгізіліп, сол бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрине, қазіргі қоғамның алға қойып отырған  талаптарына сай ендігі ұрпақ көп нәрсені білуі тиіс.

                Қазіргі дамыған  ашық қоғамда көп тіл білу өте-мөте маңызды. Бірақ бұл бағыттағы біздің барлық жұмысымыздың темірқазық идеологиясы  тек ана тілі негізінде жүргізілуі тиіс.  Бұл бала алғаш тілі шыққан кезден бастап ана тілін толық меңгеруге келіп тіреледі.

                Елбасы өзінің Рухани жаңғыру еңбегінде қоғамдық сана  жаңғыруының  қағидаларын жүзеге асыру  үшін нақты жобаларды белгілеп берді. Солардың ішінде маңыздыларының бірі – қазақ  тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру. Елбасының 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығы да шықты. Бұған қазірден  бастап дайындық жұмыстары жүргізіліп те жатыр.

                Латын әліпбиіне көшу тәуелсіздік алғаннан бері көптің көкейінде жүрген сұрақ болатын. Оны Елбасы қолдады.

                Латын әліпбиіне көшу жай, қарапайым қолданбалы міндеттерді шешуге тікелей көмектеседі.                                                                                                                                                Бұл жаңалық ең алдымен қазіргі заманның ең қажетті дүниесі – интернет жүйесінде пайдалануға өте қолайлы екендігінде.  Әлемде интернет жүйесі тұтастай латын алфавитінде жұмыс істейтіні белгілі.

                Бүгінгі жаһандану кезеңінің негізін құрайтын сапалар қарапайымдылық, қол жетімділік және әмбебаптық қасиеттер болса, латын алфавиті соған қол жеткізеді.  Қазіргі тез, өзгергіш, жылдам ақпараттар  тасқыны заманында бұл әсіресе  экономика саласы  үшін өте маңызды екені түсінікті.

                Елбасы өзінің  рухани жаңғыру еңбегінде «Туған жер» жобасын да ұсынды. Бұл да  біздің халқымыздың ұлттық санамызды оятатын жоба болып отырғандығын қазіргі атқарылып жатқан игілікті істерден анық тануға болады.

                Біз қазір туған өлкеміздің тарихы мен сонда туып өскен тұлғалардың өмір жолы мен қоғамға сіңірген еңбектерін көпшілікке тереңірек таныстыру жұмыстарын қолға алып жатырмыз. Бұл тәуелсіз еліміздің тарихының жаңа беттері болып қалыптасары анық.

                Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» еңбегі ол біздің бүгініміз бен келешегімізге бағдар беріп тұрған еңбек екендігін ұғынғанымыз абзал! Сондықтанда Мәңгілік Ел болу жолындағы халқымыздың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру ол осы отырған баршамыздың абыройлы борышымыз болып табылады.       

               

Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Нұрлан Наурызұлы Қылышбаевтың  аудан жұртшылығымен  жүздесудегі  сөзі:

                Өткен жылы елімізде өзекті саяси, экономикалық, мәдени, рухани оқиғалар мен іс-шараларға бай болды. Атап айтқанда, Астанада өткен           «ЭКСПО-2017» мамандырылған көрмесі және оның экономикалық әсері барлық жұртшылыққа мәлім. Сондай-ақ еңбек миграциясы, жасыл  экономика қағидаттарын енгізу және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды.          Халық үшін, ел үшін еңбек етіп келе жатырмыз.

                Өткен жыл да табысты болды деп ойлаймыз. Әрбір мемлекетте үш бағдар: бірінші – экономика, екінші – саясат, онан кейін рухани жаңғыру бірге жүреді. Біздің экономикалық жасаған шаруаларымыз елге белгілі. Осы 26 жылдың ішінде Қазақстан өз аяғынан тік тұрып, белгілі мемлекет болып, халықтың жағдайын түзетті. Саяси жағынан бүгінгі заманға сай заманауиға көштік. Либералдық                    саясатты жүргізіп келе жатырмыз. Алдымызда үлкен мақсаттар бар – 2050 жылға дейін елдің өркендеуі, 30 озған елдің арасына ену. Сол үшін тек қана экономика мен саясатпен ғана қала алмаймыз. Рухани жағдайымызды бірге өсіру керек.

                Рухы мықты ел қандай  қиыншылыққа болса да төтеп береді. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 94 заңнамалық акт қабылдады.

                Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті келесі заң жобаларын қабылдады.

                1.«Жайылымдар туралы» Заң жобасының мақсаты жайылымдарды оңтайлы пайдалануға, соның ішінде жайылым алқаптарына деген тұрғындардың сұранысын қамтамасыз ету  бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін жағдай жасауға, жайылым инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйін жақсартуға, жайылымдардың тозуын болдырмауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.

      2.Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Депутаттардың бастамасымен) Заң жобасы 2017 жылы 25 қаңтарда Сенат отырысында қабылданды. Заң жобасы «Жайылымдар туралы» заң  жобасын дамыту үшін әзірленді және Қазақстан Республикасының Жер, Орман және Су кодекстеріне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Заң жобасымен орман, су қорының жерлерін, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін шөп шабу мен мал жаю үшін пайдалану бөлігінде, сондай-ақ жайылымдарды басқару мен пайдалану мәселелері бойынша талқылауға және шешімдер қабылдауға азаматтарды тарту арқылы жергілікті  өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі заңнама нормаларын одан әрі жетілдіру ұсынылады.

 3.Қазақстан Республикасының  Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Депутаттардың бастамасымен) Заң жобасы экологиялық заңнама нормаларын жетілдіру мақсатында әзірленген және:

   парниктік газдар шығарындыларын квоталау және оларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша қатынастарды реттеуге;

     қоршаған ортаға елеулі әсер етпейтін объектілер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізуді алып тастау арқылы бизнеске әкімшілік жүктемені төмендету;

   сарқынды суларды арнаулы жинақтауыштарға ағызу жөніндегі Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі нормаларын Қазақстан Республикасының Су кодексінің нормаларына сәйкес келтіруге, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды оларға алдын ала өңдеу жасамай полигондарға көму бөлігінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі нормаларындағы ішкі қарама-қайшылықтарды алып тастауға бағытталған.

            4.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Заң жобасы орман және аң аулау шарушалығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қолданыстағы заңнаманы, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қатысты мәселелер   бойынша экологиялық және өзге де аралас заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленген және биологиялық әралуандықты сақтау үшін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайларды жасауға бағытталған.

 

Күнтізбе

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

booked.net