Жаңа орталық ашылды

Жастар корпусын дамыту жобасы – бұл Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны Үйлестіру агенттігі жүзеге асырады. Аталған Жоба технологиялық ілгерлеу жағдайында бәсекеге қабілетті болуды, еліміздің болашағына немқұрайлы қарамайтын, әлеуметті жақсартқысы келетін және жақсарта алатын мыңдаған жас қазақстандықтардың бірігіп, қоғамға пайдалы өз үлестерін қосуына жасалған үлкен мүмкіндік.

 

            Бұл жобалардың мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарын қоғамдастық өміріне тарту және қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларын дамыту.

            Жоба төрт облыста: Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық түрде іске асырылуда.

            Жобаның қатысушылары 18-ден 29 жасқа дейінгі жас адамдар, Қазақстан азаматтары. Ерекше басымдылық жастардың осал топтары - оқуға, еңбек қызметіне немесе кәсіптік дайындыққа тартылмаған; немесе жұмыс істейтін, бірақ кедейлік шегінде қалып отырған жас адамдарға берілді.

            Алматы облысына қарасты Панфилов ауданының 18 жобасы әр алуан әлеуметтік бағыттар бойынша грант ұтып алды. Әр жобаға 1 миллион теңге кезең-кезеңімен беріліп, 5 ай бойы берілетін ай сайынғы 61 мың теңге көлемінде шәкіртақы алып отыр.

            Сол жобалардың бірі біздің «Компьютерлік сауат ашу, ағылшын тілі және латын әріптерін үйрету орталығы»  жобасы. Бұл жоба – Жаркент қаласындағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларға қол ұшын беріп, әлеуметтік көмек көрсету мақсатында ашылды. Аталған топтағы отбасылардың кез-келген мүшесі жас ерекшелігіне қарамастан біздің орталық арқылы  ағылшын тілі, латын әріптері және компьютерлік білім алуда.

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net