Ұлы мақсаттар жолында

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылумен қайта түлеудің екі процесі - саяси реформа, экономикалық жаңғыруды қолға алу» - деді.  Демек, біздер қайда жүрсек те, қай  қоғамда өмір сүрсек те, қай салада еңбек етсек те, аталған жаңғыру процесінің нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен  оған жеткізетін жолдан жұмыла көтерген жүктей жүргізу үшін атсалысып, алдымызға қойылған меже мақсатты-«БОЛАШАҚҚА  БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»-бағдарламасын іске асыру жолында: Қазақстанның ұлттық патриотизіміне тәрбиелеуіміз керек.

 

             Мектеп  табалдырығынан бастап оқушыларды:

-Қазақстанның патриотизіміне тәрбиелеуді тиімді жүзеге асырып,  мақсатқа жету үшін санамыз бен ісіміз озық жүріп,  рухани жаңғыруымыз оданда  бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Олай  дейтін  себебіміз, бұл ұлттық идеология мен саяси экономикалық және Қазақстанның   патриотизіміне  тәрбиелеу арқылы рухани жаңғыру процесімен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары   Біртұтас   Ұлт болу  үшін  болашаққа  мықты  қадам  басуымыз үлкен міндетіміз. Ендеше,  біздер  болашақ  жастар  мен келелі келешек  перзенттерімізге жалпы қоғам болып бұқаралық  сананы жетілдіріп, ол туралы көзқарасымызды  әлем  болашағымен  қарауымыз  керек. Сонда  ғана  ұлт болашағы  келешек перзенттер осы оқушыларымызды  ұлттық сананы қалыптастыру арқылы   адамгершілікке  тәрбиелеу, оны баулу- адамгершілік көкжиегін  кеңейту. Міне осы  жол арқылы  ұлттық  болмыс пен адамгершілік көкжиегінің өзін сақтай отырып, адамгершілік ұғымы  этикасына жататын ұлттық  салт-дәстүріміз,  тіліміз бен  музыкамыз, әдебиетіміз, бір сөзбен  айтсақ, адамгершілік ұғымы    ұлттық бойымызда мәңгі қалуы тиіс.

            3-меже.   Оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету арқылы біз үлкен  мұраттарға қол жеткіземіз. Әлеуметтік қолдау көрсету деген ол - Ұлттық болмыстың  өзегін сақтай отырып, әлеуметтік түсіністік пен сана сезімінің «от басы, ошақ қасы» аясында сана мен зерде деген ерекшелікті білдіреді. Біздің әлеуметтік қолдау көрсетуіміз  ұзақ жылдар бойы бірғана  қолдаудың аясында шектеліп, дүниеге бірғана  көзқараспен  қарауға мәжбүр болмауымыз  керек. Сондықтан оқушыларға әлеуметтік қолдау  көрсету  үшін уақытты ұттырмай, әлеуметтік қолдауды патриотизм арқылы сүйіспеншілікпен  ерекше іңкәрлікпен «бір жағадан қол, бір жағадан жең»шығарып әлеуметтік қолдауды  көрсете алатынымыз анық.

            4-меже.    Құқықтық сауаттылықты ашу. Ол –дегеніміз құқықтық сауаттылықты ашу арқылы патриотизмнің мәдениетін қалыптастырып, шынайы  патриотизмнің маңызды патриот-кодының негізі арқылы құқықтық сауаттылықты   ашуымыз керек.

            5-меже.   Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі құралдарының бірі-түрлі іс-әрекет барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы пікірлесуі, мұғалімнің, ата-ананың және ересек адамдардың үлгі өнегесі деп білген жөн. Сонымен қатар оқушыларға дене тәрбиесін бергенде олардың жас ерекшеліктері, денсаулығы, спортпен қаншалықты шұғылданғандығы дене шынықтыру жаттығуына қатысуы т.б. ескерілуі керек. Осы қағидаттар арқылы біз оқушылардың  Салауатты өмір салтына  сәйкес  қағидасын нық сеніммен қалыптастыра аламыз.

            6-меже.   Діни экстремизмнің алдын-алу жолында мектеп табалдырығында ішкі саясат арқылы  көптеген түсіндірме жұмыстарын жүргізуіміз міндетті. Діни экстремизм арқылы қанша адамдар өмірін тас-талқан етті. Осындай жағдайды болдырмас үшін мектеп оқушыларының сана сезімдерін ұлттық болмыс пен патриотизмге тәрбиелеуіміз керек. Сонда ғана ұлттың болашағы жарқын болады.

            Жаңа дәуірде болашақ жастар мен келешек перзенттеріміздің болашаққа деген дамуымыздың ең басты қағидасы мен жаңғыру жөніндегі осынау межелермен ұсыныстардың маңызын терең түсіндіру арқылы өмір сүру  мен өзгере де білу керектігін тарихтың шыңы арқылы бағындыруымыз қажет.

А.Нұрабаева ,

                      А.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясының

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net