Жүрекке жақын Орбұлақ

Әлемдік   деңгейдегі сарабдал саясаткер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының басты қағидаларын орындау мақсатында «Қазақстанның киелі жерлерінің георгафиясы» жобасына енгізілу  қарастырылған қасиетті қазақ  жерінің бірі Орбұлақ шайқасы өткен орын болып табылады.      

    

            Өзім георафия пәнінің мұғалімі ретінде ауданымыздағы осындай қасиетті жердің мемлекеттің тарихына еніп, рухымызды асқақтататынын мақтан етемін. Тарихи деректермен расталған оқиғаны әлемге паш еткен ауданымыздан шыққан елімізге белгілі азаматтарымыздың ұзақ жылдар бойы ауданымызға Орбұлақ атауын беру туралы ұсынысы түпкілікті оңды шешімін тапса нұр үстіне нұр болар еді.

             Бақ қонып, қызыр дарыған қасиетті қазақ жерін асқан қаһармандықпен қорғап, басын өлімге  тіккен  білгір қолбасшы Салқам Жәңгір мен батыр бабаларымыз бастаған ерлердің еліміз бен жеріміздің азаттығы үшін жүргізген теңдесі жоқ ерлік күресінің жеңісіне куә болған қасиетті Орбұлақ атауын ардақтаудың, есте қалдырудың үлгісі ретінде ауданымыздың Орбұлақ атауын иемденуін тағылымды тарихымызды түгендеуге бағытталған игі шара деп атауға, халық болып қолдауға болады.

            Тағылымды ерлік тарихымызды түгендеп, рухани жаңғыру бағытындағы осы ісімізді жүзеге асырсақ бұл біздің Елбасымыздың саясатын қолдағанымыз және ұрпақ алдындағы азаматтық парызымызды орындағанымыз болып табылады. Жүрекке жақын Орбұлақ атауын ауданымызға беруді қолдаймын.

Жазира  Бейсебекова,

А.Розыбакиев атындағы

 орта  мектептің

география  пәнінің  мұғалімі.

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net