Тарихтың тағылымды тарауы

 Болашағын бағамдау үшін кез келген халықтың өткенін саралап, бүгініне баға берері хақ. Тасқа басылған тарихтың жарқын тұстары халықты ерлік пен елдікке үндеп, болашаққа бағдар сілтесе, қаралы беттері өткеннен сабақ алуға шақырып тұрғандай. Тарих – тезге салуға келмейтін, тек уақыт атты желмаяның ықпалына ерген даму процесіндегі ақиқат болмыс. Бұрылысы мен құбылысы көп адамзат тарихында айтса нанғысыз жағдаяттар да кездесіп жатады. Қазақ тарихындағы осындай ақиқаты аңыздан асып түскен оқиғалардың бірі – Орбұлақ шайқасы.

 

                Орбұлақ шайқасы 1643 жылдың қысында басталып, 1644 жылдың жазының ортасына дейін созылды.Жоңғарлар Тянь-шань қырғыздары мен Жетісу елінің қазақтарына қырғидай тиіп, қырғынға ұшыратады.Мыңдаған тұтқындар Жоңғарияға жөнелтілді. Жорықтың алғашқы кезеңіндегі жеңіске масайған хонтайшы қазақ жеріне ентелеп, дендеп кіре бастады.

                Дәл осы кезде Жәңгір хан жауды Орбұлақта қарсы алуға кірісті. Ол жоңғар әскерінің саны, бағыт-бағдары мен жоспары жөнінде үнемі хабардар болып отырды. Жәңгір сұлтан барлау мәліметтерін ұтымды пайдаланып, жауға қарсы тұратын ыңғайлы жерді белгілеп,таңдап та алады.                

                Самарқанд қаласының билеушісі Жалаңтөс батырға да хабар жібереді. Өзі 600 ғана адамдық әскерімен жауға қарсы аттануы бекерден-бекер емес, себебі шайқас болатын жерде әскери-тактикалық тұрғыдан көп әскердің қажеті болмады. Жоңғар әскерінің бағытындағы тар тау шатқалының ішінде ор (окоп) қаздырып, онда мылтықпен қаруланған 300 жасағын қалдырады да, өзі қалған әскерімен қарсы беттегі тастардың артына жасырынады.Әлемде теңдесі жоқ соғыс өнерін жүзеге асыра білген Салқам Жәңгір хан секілді, ұлтымыздың ғана емес әлемдік деңгейдегі ұлы тұлғамыздың бар екенін біріміз білсек, біріміз білмедік. Соңғы кезде кейбір тарихшылар оның ерлігін 300 спарталық жауынгерлерінің ерлігімен салыстыруда. Әйтседе, Жәңгір хан ерлігінің артықшылығы байқалады, өзінің ерекше әскери-тактикалық шеберлігінің арқасында 600 қолмен жаудың 50000 әскерін талқандап, ұлы жеңіске қол жеткізді.Бұл әлемдік соғыс тарихында бұрын-соңды болмаған оқиғалардың бірі.

                Биыл  Орбұлақ  шайқасының 375 жылдығын атап өту қарсаңында, Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы  аясында Панфилов ауданы «Орбұлақ» ауданы болып аталатынын мақтанышпен жеткізгіміз келеді.

М.Бексейтов ,

Жаркент қаласы әкімінің

жастар ісі жөніндегі әдіскер- нұсқаушысы.

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net