Талдықорғанда «SHOOT IN 24 HOURS» бейнероликтер байқауы өткізілмек

Аталмыш байқаудың мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жастар арасында шығармашылық қабілеті бар азаматтарды анықтау, жастарды маргиналды және радикалды топтардан алыстату.Байқаудың шарты қатысушылар тек берілген тақырып аясында, 24 сағат ішінде ғана бейнеролик түсіреді.Түсірілген бейнероликтер ерсі әрекеттердің болмауы, нәсілдің, ұлттың және Қазақстан Республикасының әр азаматтарының ар-намысына тимейтін нәрселердің орын алмауы керек.

 

«SHOOT IN 24 HOURS» байқауына 16-25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Егер бейнероликке кәмелетке толмаған бала қатысатын болса, міндетті түрде ата-анасының рұқсаты болуы қажет. Сондай-ақ, кәсіби немесе әуесқой студиялардың көмегіне жүгінуге жол берілмейді. Роликтер ұйымдастырушыларға USB-флэш карта немесе DVD/CD дисктері арқылы беріледі. Оның форматы mov, mp4, avi болуы тиіс.

«Байқауға өтініш беру  23 ақпанға дейін жалғасады. Сол 23 ақпаннан 24 ақпанға дейін яғни, бір тәулікте түсіріп үлгеру керек. Бұл адамның жылдамдығын, шығармашылық еркіндігін анықтауға мүмкіндік береді», -деді байқау ұйымдастырушысы Қыдыралин Ризат.

Айта кету керек, егер қатысушылардың бейнероликтері берілген шартқа сай болмаса жарыстан шектетіледі.  Сонымен қатар, жүлделі орынға ие болғандар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталады.

 

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net