Болашаққа бағдар - балабақшадан

Болашақ ұрпақты дамыған елдермен терезесі тең дәрежеге жеткізу үшін қоғам жан-жақты жаңару үстінде.  Балапан кезінен ұядан баланы өз заманына лайықты тұлға ретінде қалыптастыруды жан-жақты қолға алу керектігі кезек күттірмейтін мәселе болғаны рас. Елбасымыз Н.Назарбаевтың ҚР білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы қабылданып, балаларды балабақшамен қамтамасыз етуді бірден жолға қойғаны қуантады.

 

                Президенттің 2010 жылғы Жолдауынан бастау алған «Балапан» бағдарламасы арқылы қаншама жыл кезекте тұрған балалардың бақшаға баруына есік ашылса, екінші жағынан жеке кәсіпкерлікті  бастауға ұйытқы болды. Қазіргі уақытта ауданымызда балалар бақшасы көбеюде.  Аталған бағдарлама  аясында «Ханшайым» жекеменшік балабақшасы 2015 жылдың 2 наурызында 25 баламен ашылды. Елімізде жүріп жатқан қарқынды іске бел шешіп кіріскен Орманбеков Мұхит Дауытұлы өзі тұрған үйін балабақша ғимаратына берді. Бағдарлама аясында кәсіпкерлікке қолдау көрсету жүзеге асты. Құрылтайшысы Мұхит Дауытұлы балабақша ғимаратын қайта жөндеуден өткізіп,  ережеге сәйкес жабдықтады.

                Балабақша құруға аудан, қала әкімдігі, жер комитеті, аудандық білім және қаржыландыру ұйымдары ерекше қолдау көрсетті. Тіпті «Шынтаев» көшесінің тұрғындары да жақын жерден балабақша ашылғанына қуанды. Аудандық білім бөлімі арқылы кезекте тұрған балалар жіберілді. 2015 жылдың 2 наурызында «Ханшайым» балабақшасы балабақша меңгерушісі, әдіскер, 2 тәрбиеші, 1 медбике, 1 тәрбие көмекшісі, музыка жетекшісі, педагог-психолог, аспаз, күзетшілер, кір жуу операторы сияқты жан-жақты қызметкерлермен өз жұмысын бастады.

                Бала тәрбиелейтін ғимараттың балалар ойнайтын алаңы, ойын залы, жатын бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, тазалық бөлмесі талапқа сай жасалды. Оған қоса бала жасына лайық төсек-орын, ыдыс-аяқ, жиһаздар эстетикаға сай орналастырылды.

                «Біздің жалпы мақсатымыз балабақша кезегінде ұзақ уақыт тұратын ата-ананың қажеттілігінен шығу үшін көп уақыт еңбектену керек болды. Басында 2-3 ай еңбекақы кешіктірілсе де қызметкерлеріміз төзімділікпен күтіп, ақырындап жоспарымыз жүзеге асты» - дейді әдіскер Орманбекова Ұлбала Жұмағұлқызы.

Балабақшаның мемлекеттік, жеке меншік сияқты түрлері ашылса да бәрі  бірегей бағдарламамен жұмыс істейді. Бұл бағдарламаны іске асыруда аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымның әдіскері Қарабалаева Райгүл  Ахметқалиқызы жан-жақты әдістемелік көмек көрсетеді.

                Жыл сайын мектепке дейінгі ұйымның білім беру жүйесі өзгеріп келеді. Балаға 1,5 жастан 5 жасқа дейінгі аралықта оқыту мен тәрбиелеу түрі мектепалды даярлықтан басталады. ҚР Білім беру және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасында мектепке дейінгі кезеңнің мәні ерекше аталып, «өтпелі тақырыптар»  арқылы балаға жан-жақты білім беру қолға алынды. Ағылшын, жаратылыстану, драма, орыс балалар үшін қазақ тілі, орыс тілі жүргізіледі. Баланың жас ерекшелігіне сай білім дағдыларын балабақша қалыптастырады. Жалпы айтарым балаңызды үйде ұстамай балабақшаға бергеніңіз дұрыс. Ерте бастан заттық ортаға бейміделіп, қарым-қатынас әрекеті тез дамиды. Қазіргі сәби соны қалап тұрады.

  Елбасымыздың биылғы 2017 жылғы Жолдауында «Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шықпай, терезеден телміріп отырса, әлемде құрлықта қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды» деп рухани жаңару жолының күретамырын дөп басты.

                Біздің «Ханшайым» балабақшамыздың құрылғанына биыл 3 жыл болады. Ынтымағы жарасқан қазақ-ұйғыр балалары қазақ тілінде сөйлеп, ән айтып, тақпақ жаттап, «ыстық ұяда» тәрбиеленуде. Ата-аналар да бізбен қарым-қатынасын үзбейді. Екі жылда 8 баланы мектепке шығарып салдық.

                Республика бойынша «Ұлттық бизнес рейтинг» орталығы Астана қаласында кәсіпкерлердің  біліктілігі мен қоғам алдындағы өнімді, пайдалы еңбектеріне  мониторинг жасап кәсіпкерлікке қолдау көрсетуде. 2017 жылғы Республикалық ұлттық бизнес орталығы Алматы облысы бойынша салық төлеу, бюджеттік қаражатты тиімді  пайдалану және жұмыспен қамту нәтижесі номинациясы бойынша «Ханшайым» білім мекемесі балабақшасының құрылтайшысы Орманбеков Мұхит Дауытұлын «Алғыс хатпен» және балабақшаны «Жыл көшбасшысы-2017» сертификатымен марапаттады.

                Балабақшамыз «Бақытты елдің ұрпағы» қорымен тығыз байланыста болғаны үшін «Алғыс хатпен» маратталды.

                «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген ұлы Абайдың сөзі бар. Жас ұрпақтың бойына сәби кезінен рухани азықты сіңіру үшін саралы ой, сараптама жасайтын  игілікті істерді атқару балабақшаның үлесінде.

 

К.Әбдіманапова,

«Ханшайым» балабақшасының меңгерушісі,

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net