Өлкеміздің тарихи тағылымы

Елбасымыз таяуда жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған еді.   Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын.

Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым - әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл - мағынасы өте терең сөздер. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», - деген сөзінде Президент бағдарламаның маңыздылығын айтып өтті.

      «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» - деп айтқан сөзінде Елбасымыз әрбір жасқа бір ой салғандай. 

              Қазақ жерінде шөптің атына байланысты, әрбір тау мен тастың немесе сол өлкенің түстік құрылымы бойынша да көптеген атаулар кездеседі. Мысалы, Алматы облысы аумағында «Сексеуіл», «Жыңғылды», «Шырғанақ», «Жиделі», т.б. өсімдік атауларына байланысты қойылған елді-мекендер де көптеп кездеседі. Бұны тек бір ғана мысал ретінде қарастырсақ елімізде атауы бізге беймәлім және өзіндік сырлары бар қаншама ауыл-аймақтар мен орындар бар десеңізші?

      Тарих, өлкетану, филология саласы әрбір атаудың тарихын, табиғи орналасуын және тілдік аталуы негіздерін зерттеу арқылы «Туған жер» бағдарламасын орындауға күш салуда. Осы мақсатта университетімізде Өлкетану жұмыстарына байланысты ғылыми конференциялар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Филология және әлем тілдері факультетінің «Ономастика» өлкетану клубының ұйымдастырылуымен жыл сайын өткізілетін ғылыми конференцияларда География және табиғатты пайдалану факультетінің, География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттері өздерінің туған өлкесінің атауларын және де тарихтан белгілі «Аңырақай» деген атаудың шығуына қатысты біраз зерттеулер жүргізіп «Туған жер» бағдарламасына аз да болса өз үлестерін қосуда.

      «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар.  Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға,мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады.   Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады»,-дейді Н. Назарбаев.

     «Туған жер» бағдарламасы тарих, өлкетану, филология сынды ғылым салалары арқылы ғана емес әрбір қазақстандық, әрбір жас, әрбір студент, оқушы, қарт болсын атаулардың шығу тарихын танып-білуі арқылы қазақ жеріне деген, еліне деген үлкен құрметі болар еді.

Индира  ЖҰмабекова,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушысы.

 Орынбасар  БайтҰрбай

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының

2 курс студенті

 

 

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

booked.net