Латын әліпбиіне 1 секундта аударатын бағдарлама

12   жасар  вундеркинд   бала  Абзал Мырзаш мәтінді кириллицадан латын әліпбиіне 1 секундта аударатын компьютерлік бағдарлама ойлап тапты. Ол қазақ-латын әліпбиіне қатысты өз нұсқасын жасап, Білім және ғылым министрлігіне ұсынған болатын. Компьютерлік   бағдарлама   сол   нұсқаға   арналған.

 

 

                Абзал  Мырзаш  жасаған  әліпбиде қазіргі 42 әріп толық қамтылғандықтан, бағдарлама тек қазақша кітаптарды ғана емес, сонымен қатар орысша кітаптарды да аударады. Тағы бір тиімділігі- бағдарламаны кез келген адам оңай игеріп, қолдана алады. Кітапты аудару компьютердің жылдамдығы мен кітаптағы суретке, мәтінге байланысты.

                Абзалдың есебі бойынша, 38 секундта символ-таңбаларды қосқанда 135406080 сөз аударуға болады. Сондықтан 1 секундта - 12-13, 10 секундта 127 кітапты аударуға болады. Бағдарлама аударма жасап жатқанда автоматты түрде папка  ашылып, аударылған мәтіндер сонда сақталады.

                Абзал соңғы бірер күнде бағдарламаны жетілдіріп, жаңартқанын айтады.

                Абзал Мырзаш - 12   жаста. Қазақ Британ техникалық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курсында оқиды.

Д.Пердеш.

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net