Алғыс арқалаған арымас

Көктемнің алғашқы күнінде алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарын бейнелейді. Алғыс айту – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет көрсететін күні.

 

                Жуырда қаламыздағы Жамбыл атындағы орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Шараны мектеп директоры Ризайдин Айсаевтың басшылығымен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Шолпан  Аталыққызы, Жұлдыз  Қыдырбекқызы, Гүлбахрам  ұйымдастырды.

                Мерекелік шараға әртүрлі 14 ұлт өкілдерінен құралған отбасылар қатысты.  Олардың әрбірі өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстырып, ана тілдерінде елімізге, мектепке алғыс сезімдерін жеткізді. Сонымен қатар 3 сынып оқушылары өздерінің алғыс тілектері жазылған қолдан жасалған бұйымдарын,  гүлдерін көшедегі адамдарға, мектеп төңірегіндегі дүкен, дәріхана сатушыларына, такси жүргізушілеріне сыйлап, мерекелік акция өткізді. Акцияға жетекшілік еткен – Салтанат Жақыпова.

Іс-шараға қатысқан Жаркент қаласының әкімі Ермек Нұрахметов  құттықтау сөз сөйлеп, белсене қатысқан қатысушыларға, мектеп басшылығы мен ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

                Менің де Жамбыл атындағы орта мектебіне айтар алғысым зор. Осының барлығы  мектептегі ұйымшылдық пен ынтымақтың арқасы деп білемін. Татулығымыз мәңгі жасай берсін!

 

Нағима   Нұрсалыққызы,

ата-аналар комитетінің төрайымы.

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net