Туған өлкеге саяхат

   Мектеп оқушыларына арналған 2016 жылдың маусым айынан басталған «Туған елге саяхат»  атты 10 күндік  қазіргі таңда да өз жалғасын табуда. 2017 жылдың маусым айының 2-ші жұлдызынан жалғасын тапқан бұл саяхатқа келген әрбір балаға ерекше әсер қалдыруда. Сонымен қатар, бұл саяхат әр балаға еліне, жеріне, Отанға деген мейірімділігі мен сүйіспеншілігін арттыруда.

 

                Мен осы саяхатқа қазіргі таңдағы ғаламтор желісі арқылы сайысқа қатысып, жолдама ұтып алдым. 2017  жылы бірнеше шақырым жүру арқылы Түркістан, Алматы, Астана, Екібастұз, Тараз, Байқоңыр қалаларына саяхат жасалды. Біз керемет әрі қасиетті жерлерге куә болдық. Мысалы, Екібастұздағы «ГРЕС» мұнарасы. Ол Қазақстандағы ең биік мұнаралардың бірі. Сондай-ақ, біз Астана қаласында өткен «ЕХРО» көрмесіне де саяхаттап қайттық.  Сонымен қатар Астана қаласында  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың жұмыс орнын «Ақорданы» аралап шықтық. Ал біздің ең соңғы келіп жеткен нүктеміз ол әсем қала- Алматы. Біз Алматы қаласының көрікті, әсем жерлерін араладық. Сонымен, біздің 10 күндік саяхатымыз осы  көрікті Алматы қаласында өз  мәресіне  жетті.

                Маған осы «Туған елге саяхат» атты 10 күндік ерекше әсер қалдырды . Себебі, мен адам аяғы баспаған «Ақорданы», талай адам армандаған «ЕХРО-ны», Қазақстандағы ең биік  мұнараны, ең алғаш ғарышқа аттанған ғарыш кемесін, және т.б. өте қызықты дүниелерге куә болып, естен кетпес ерекше әсерде қалдық. Сонымен қатар, менің еліме, жеріме, Отаныма деген  махаббатым арта түсті.

Гүлназ  Ибрагимова,

Пенжім орта мектебінің

7          сынып оқушысы.

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net