Бәсекеге қабілеттілік -заман талабы

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында   адамның құндылығы, рухани байлығы, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға мән бермесек, мұнымыз үлкен қателік болатынын айтып отыр. Бұрын анда-санда айтылып қалатын пікірлер бұл жолы үлкен бір бағдарламаға айналған. Елбасының руханиятқа, білімге, ғылымға мән беруі – үлкен көрегендік. Бұл жұмыс дер кезінде жасалып жатыр, енді оны халыққа жеткізе білу керек. Бұл – еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан жұмыс.

 

                Болашақта Қазақстанның бет-пердесін не анықтайды? Еліміздің болшақтағы келбетін анықтайтын – бәсекеге қабілеттілік. Бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада, руханиятта, яғни барлық салада болуы керек. Бәсеке болмаған жерде іріп-шіріп, тозып кетеміз. Бәсеке болған жерде жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, санамызды жөндейміз.

                Бәрі санадан басталады. Сол үшін сана түзелуі керек. Сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиіспіз.

                «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дейді. Білімі мықты болуы үшін еліміздің білім беру саласын реформалаймыз деп жатыр. Білім әлемдік, тәрбие ұлттық болуы керек. Ата-бабаларымыздың баяғыдан келе жатқан үлкен құндылықтар жүйесі жастарымыздың да санасына еніп, олар әр нәрсеге сын көзбен қарап, жақсы үрдістеріміздің бәрін бойына сіңіріп өссе, нұр үстіне нұр.

                Л.Қабылбекова,

Жаркент көпсалалы

колледжінің тарих, география

пәндерінің

оқытушысы.

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net