Тәрбие-талбесіктен

Қазақстан            Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру»  атты мәйекті бағдарламалық мақаласы – бүгінгі күннің басты құжатына айналып отыр. Оны біз  күнделікті өмірімізден, тыныс  - тіршілігімізден  сезініп, көріп те жүрміз.

 

                Осы мәйекті мақаланың «Білімнің салтанат құруы» бөліміндегі айтылған жайлар жарқын болашақтың  иелері – бүгінгі  балдырғандардың тәрбиесімен айналысып жүрген біз сияқты тәрбиешілер  қауымына да үлкен жауапкершілік жүгін жүктейді.

                Біздің «Шұғыла» балабақшасының (меңгерушісі Сандуғаш Жолдасова) «Ұлан» тобы бишілерінің қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Айталық, бұл  топтың бишілері өткен жылы  бүлдіршіндердің республикалық  байқауында жүлдегер атанса, үстіміздегі жылы        наурыз  айында өткен байқауда да  бірінші орынды жеңіп алды.

                Жетістікке  Ғазиза  Рафикова, Жадыра Қожағұлова  сияқты әдіскер тәрбиешілердің қосқан өзіндік үлестері бар. Мектеп алды тәрбиенің тезінен өтетін бүлдіршіндермен күнделікті жұмыс жасау қызық та қиын. Сол қиындықты жеңе білу – тәрбиешілердің басты мақсаты да.

Жұпар Дәуежанова,

«Шұғыла» балабақшасының

тәрбиешісі.

Үлкеншыған ауылы.

 

 

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net