ҚОРҒАСтың шипалы БҰЛАҚТАРЫ

Жаркент өңірі көз жауын алатын сұлу табиғатымен, сылдырлай аққан өзен-көлімен көрікті. Ауданымыз емдік қасиеті мол «Жаркент-Арасан», «Керімағаш», «Көктал-Арасан», табиғи «Найзатапқан» арасандарымен де әйгілі. Осы қатарға Жоңғар Алатауының оңтүстік беткейіндегі Қорғас өзенінінің оң саласы – Арасан өзені шатқалында 1750 м биіктікте орналасқан – Қорғас ыстық бұлақтарын қосуға болады. 

 

               Минералды  су  өзен  арнасы  мен  оның  екі  жағасындағы  граниттерден  және  оларды    жапқан  борпылдақ  жыныстардан  шығады.    Судың  жалпы  ағымы-  4-5 л /сек.   

                Шипалық қасиетi жағынан радиоактивтiк сулар екi топтан тұрады. Солардың бір тобы - сiлтiлi, минералдылығы  аз, организмге шипалығы радон және кремний қышқылының болуымен анықталатын температурасы жоғары жылы сулар (Талғар, Меркi, Қорғас, Жаркент-Арасан, Талды-Арасан, Қалба-Нарын, т.б. минералды су көздерi). Бұл сулардың құрамында радоннан басқа: кремний қышқылы, бор, фтор,йод пен бром болады.

                Ал Қорғас минералды суының химиялық  құрамы  хлорлы-сульфатты натрийлі,  радиоактивті  (радон  150-180  эман),  сілтілі. Судың температурасы 37-52 0 С .  0,27-0,29 г/л  суда 60-70 мг/л кремний қышқылы, күкіртсутек, қорғасын күміс, молибден қоспалары бар.

                Ел арасында «Қорғас-Арасан» атанып кеткен бұл бұлақтарға жету де оңай еместігі туралы әңгімелер жиі кездеседі. Мұны бұл жердің тылсым табиғатымен түсіндіріп жатады. Қорғас ыстық бұлақтарын химиялық  құрамына          байланысты    Алтай  республикасындағы  (Ресей Федерациясы) Белокуриха курорт суымен теңестіруге болады. Жер асты сулары жүйке, жүрек, қан таралу, қимыл мүшелерiнiң ауруларына шипалы.

 

Ж.Кенжебек.

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net