Өлеңмен өрілген өмір

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасын насихаттау барысында сәуір айының 6-шы жұлдызында аудандық кітапхананың оқу залында

Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі,  республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Дүниежүзі қазақтары құрылтайының, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ІІ-ІІІ-ІV құрылтайларының делегаты, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалінің иегері, «Егіз қалам», «Бір құсым бар...», ...

 «Уақыт өрнектері», «Ілтипат», «Ойтолғақ», «Дала жыры», «Алтын кездік» және  бүгінде сиясы әлі кеппеген «Сыр сандық» жыр кітаптарының авторы иесі -  Ислам-Ғали Үркімбайұлының мерейлі 65 жасқа толуына орай, ақынның мол мұрасын насихаттау барысында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Дара туған даналар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Сыр сандық» атты жыр кітабының тұсаукесер кеші болып өтті.

        Кешке шақырылған қонақтар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы  Марат Тайлақұлы, ақын, сазгер, жазушы Алматы облысы мен Панфилов ауданының  «Құрметті  азаматы», Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі  Жақыбаев Базархан, ақын, білім беру саласының үздігі Молот Мұсаұлы, аудандық  «Жаркент өңірі» газеті редакторының орынбасары Құсайын Бейсебай, ақын-жыраулардың өлеңдерін жатқа айтатын ағамыз Аманжолов Қыстаубай, аудандық  тілдерді  дамыту бөлімінің жетекші маманы Иманханов Дәурен құттықтау сөз кезегін алып,  мерейтой иесіне көгілдір қаламының сиясы күннен-күнге молаюына тілектестік білдіріп, өздерінің арнау өлеңдерін оқып, жылы лебіздерін білдірді.

       Жетісулық поэзия дәриясын өзіндік бояу нақышымен толтырған,  шыншыл да сыршыл, талғамшыл, қалам иесінің өлең жолдарын Жамбыл орта мектебінің 8 «а» сынып оқушылары мен кітапханашы әріптестер: Рамазанова Маржан, Аязбаева Ақерке, Сартпаева Лена,  Абделдаева Гүлзира, Илимахунова  Кенже нақышына келтіре орындаса, жезтаңдай әнші Қонашев Еркебұланның орындауындағы «Белжайлау», «Сағыныш» әндері мен кітапханашы Сқақова Жұлдыздың орындауындағы «Ағатайым»  әні  кешке көрік бере түсті.

                Нұр төгетін көңілдерге    шуақты,

                Жаза алдым ба бір   жасқы жыр қуатты?!

                Өмір – теңіз,

                Мен шарқ  ұрған шағала

     Қос қаламым – қос қанатым сияқты, -деп , өрілген өлең өрнектері – мөлдір бұлақтың кәусарындай,  поэзия айдынында шағаладай шарқ ұрып жүрген ақын, қос атын сызықшамен бөліп тастап, шындықты шырылдатып жазатын, ар мен намысты төбесіне ту етіп көтерген Алаштың дара туған азаматының орамды өлең шумақтарының сандығы бір ашылып көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.

     «Сыр сандық» атты жыр кітабының тұсаукесер кешінің қорытынды сөз кезегін алған  аудандық кітапхананың директоры   Дәрия Бекжігітқызы ақын ағамызға қаламының талмай әлі де болса өз елін жыр нәрімен сусындата беруіне тілектестік білдіріп, шығармашылық табыс тілеп,  келген қонақтарға алғысын айтып, мерейтой иесіне естелік сыйлық табыс етті. 

Қ. Оспанұлы.

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net