Аймақтық оқытудың көкжиегі

 

 

 

 Сәуір айының 24 жұлдызында  Талдықорған қаласындағы «Рухани жаңғыру» орталығында аймақтық оқыту-семинары өтті. Бағдарлама аясында өткен шараны Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» ұйымдастырды. Жиынға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі, өңірлік жобалық кеңсенің меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай төрағалық етті.

 

                Оқыту семинарына Панфилов аудандық әкімдігінің мамандары, ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов,  аудандық газеттің өкілі қатысты.

                Семинар барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кіші бағдарламалары аясында әр ауданда атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, баяндамалар жасалды. «Рухани жаңғыру» орталығының, ішкі саясат бөлімінің мамандары желілік кесте бойынша анықтамалық мәліметтерін ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы М.Қарбозова «Өзгерістерді өзіңнен баста», облыстық Атамекен кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы А.Оңғарбаева «Іскер азамат – Ел тірегі»  кіші бағдарламаларымен таныстырды.

                «Өзгерістерді өзіңнен      баста» - мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс моделін өзгерту және мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық моделін жетілдіру; ал «Іскер азамат – Ел тірегі» - іскер азаматтарға халықтың сенімін арттыру және кәсіпкерлік сананы дамыту арқылы кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруды мақсат ететін кіші бағдарламалар.

                Жиынды модератор, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі, өңірлік жобалық кеңсенің меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай қорытындылады. Мұнан соң оқыту семинарына қатысушылармен секциялық жұмыстар жүргізіліп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар тыңдалды.

Жансая   Кенжебек

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net